Қойылған күні : 02.08.2010
Сәлеметсіз бе Ерлан Мұхтарұлы! Мен Павлодардан Астанаға көшіп келгеніме міне 5 жылдан асса да әлі күнге қатты сағынамын. Жасым 41-де, мамандығым бойынша ұлттық мектептерде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін.Қазіргі қызметім аудармашылық, Қаржы министрлігінде мемлекеттік тілді дамыту және аударма басқармасының бас сарапшысымын.Сізге сұрағым: мен екінші жоғары білім алу үшін экономика немесе қаржыгер мамандығы бойынша Сіздердің оқу орныңызға құжат тапсыруыма және оқуыма болады ма? Өзім қаншама рет жұмыспен болған болсам әрдайым "осында оқысам" деген ой маза бермеген. Үмітсіз шайтан деген атам қазақ, шаңырақтарыңыздың тасы өрге домалай берсін!