2004 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік университетінің базасында қызметкерлермен, ғалым-оқытушылар құрамының және студенттердің бос уақытын Павлодар облысының Баянауыл ауданында әдемі жерлерінде ұйымдастыру үшін «Баянтау» Демалыс үйі ашылған. Демалыс үйінің территориясында 160 орынға 8 корпус , асхана, медициналық пункт, күзет үйі, әкімшілік корпусы орналасқан. Ғимараттң жалпы көлемі 2694,1 кв.м. Қамтитын аумағы 6,64 га құрайды.

«Баянтауда» спутникті телевидениесі құрылған, Демалыс үйінде кітапхана, медпункт, спорт инвентарі мен балық аулау құрылғыларын, су ктамарандарын жалға беру пункті жұмыс істейді. Демалушыларға 4 мезгілдік тамақтану беріледі, белсенді демалыс, экскурсиялар, саяхаттар, спорттық және мәдени-қоғамдық іс-шаралар ұйымдастырылады. Кешке демалушылар дискотекеға баруларына болады.

Қызметкерлерге, студенттерге, қызметкерлердің балаларына, зейнеткерлерге жазғы уақытта жеңілдікпен дем алу мүмкіндігі бар. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамға арналған профсоюз жеңілдіктері ұсынылады.

Облыстық және республикалық көлемдегі түрлі бағыттағы жазғы мектептерді өткізу дәстүрге арналған.

Бұрынғыдай, қызметкерлерге, профессорлық-оқытушылық құрамға, зейнеткерлерге жазғы уақытта жеңілдікпен дем алу мүмкіндігі бар. Ағымдағы жылда жолдама құны қызметкерлерге-2700теңге, өзгелерге 3200 теңге. Университеттің профессорлық-оқытушылық құрамға арналған профсоюз жеңілдіктері ұсынылады.