Халықаралық ынтымақтастық
Халықаралық ынтымақтастық — Торайгыров университетінің басымдықтарының бірі. Оған студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы, халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары мен гранттық бағдарламаларды жүзеге асыру, шетелдік студенттерді оқуға, сондай-ақ шетелдік оқытушылар мен сарапшыларды дәріс оқу мен семинарлар өткізуге тарту, қос дипломдық бағдарламаларды жүзеге асыру, халықаралық консорциумдарға, конференцияларға және білім беру бастамаларына қатысу кіреді.
Академиялық ұтқырлық деген не?
Білім алушылар мен оқытушылар үшін академиялық ұтқырлық — бұл Қазақстан Республикасының басқа жоғары оқу орнында немесе шетелде бірлескен білім беру және зерттеу бағдарламалары, сондай-ақ арнайы академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында оқу және кәсіби қызмет атқару мүмкіндігі.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу білім алушыларға Қазақстан мен әлемнің жетекші университеттерінде бір (1) семестр оқуға, ал оқытушылар құрамына шетелдік және отандық серіктес университеттерде оқыту және зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Торайгыров университетінің білім алушылары USCO, DAAD, Erasmus+, ITEC халықаралық бағдарламалардан басқа, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында да серіктес университеттер негізінде академиялық тәжірибе алмасуға және халықаралық білім тәжірибесін алуға мүмкіндік алады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламалары
ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы
ҚР ҒЖБМ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бакалавр білім алушыларына шетелдік жоғары оқу орнында бір семестр оқу мүмкіндігін береді.
Министрлік гранты екі жаққа ұшу құны, 120 күнге дейін тұру, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен визалар шығындарын жабады.
ҚР ҒЖБМ-ның грантына үміткерлерді іріктеу жыл сайын ақпаннан сәуірге дейін өткізіледі.
Министрліктің шартына байланысты байқау уақыты өзгеруі мүмкін.
Байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Байқауға қатысу үшін факультетпен келісілген өтініш берушінің өтініші
- Университеттің мөрімен расталған транскрипт
- Шетел тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын халықаралық сертификат немесе Торайғыров университеті өткізген тест нәтижесі;
- немесе шетелдік университеттен шетел тілін білу деңгейі бар студентті қабылдауға келісім хаты
- Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты (түпнұсқасы және көшірмесі)
- Үш тілде жазылған ұсыныс хат (1 дана)
- Фото 3*4 (4 дана)
- Толтырылған өтініш формасы
- №072/y формасындағы медициналық анықтама (шетелге арналған), Шетелге шығатын тұлғаға арналған № 072/у нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген)
- Өтініш беруші ата-аналарының, қамқоршыларының және заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі
- Отбасының құрамы туралы құжат, білім алушының көпбалалы отбасыдан екенін растайтын анықтама (егер бар болса)
- Оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалардың немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған оқушылар санаты үшін (егер бар болса);
- Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (егер бар болса)
МАҢЫЗДЫ:
- Үміткер бакалавр бағдарламасының 2-6 семестрлерінде оқуы тиіс. 7-семестрдегі оқыту кафедра тарапынан жеке қарастырылады
- Білім алушының академиялық үлгерім көрсеткіші кемінде GPA 2.97
- Шетел тілін меңгеру тестінен өту үшін өтінішті cam@tou.edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберу талап етіледі
- Жиналған құжаттарды 115B офисіне Халықаралық ынтымақтастық орталығы белгілеген күннен кешіктірмей тапсыру міндеттеледі
- ҚР ҒЖБМ құжаттарға қатысты талаптарды жыл сайын нақтылайды
- Ұсынылған құжаттар мен сұхбатқа сүйене отырып, байқау комитеті лайықты үміткерлерді таңдайды
Электронды үкімет веб-порталы арқылы өтініш берушілер жоғарыда аталған құжаттарды ұсынады.
Маңызды: Erasmus+ стипендиялық бағдарламасына үміткерлер конкурстық негізде іріктеледі.
Шетел тілдерін меңгеру деңгейлері
| Тіл | Шетел тілдерін меңгеру деңгейлері |
|---|---|
| Ағылшын тілі | IELTS Academic — от 5.5–6.5 TOEFL от 35-59 TOEFL iBT — от 72–94 |
| Неміс тілі | Goethe-Zertifikat B2 |
| Француз тілі | DELF B2 DALF C1 / C2 |
| Испан тілі | DELE B2 SIELE – B2 деңгейі |
| Итальян тілі | CILS B2 CELI 3 (B2) |
| Қытай тілі | HSK (4-деңгей және одан жоғары немесе қабылдауы талаптарына байланысты) |
| Кәріс тілі | TOPIK II (4-деңгей және одан жоғары) |
Erasmus+ (KA171) бағдарламасы туралы
Erasmus+ (КА171) — бұл білім алушылар мен оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы бағдарламасы, Еуропалық Одақ қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Erasmus+ бағдарламасына қатысу білім алушылар мен ПОҚ-ның академиялық және кәсіби тәжірибесін кеңейтуге, түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ мәдениаралық алмасуға, шет тілдерін дамытуға және халықаралық кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның атауы нидерланд философы және гуманист Эразм Роттердамдықтың атынан шыққан, ол көкжиегін кеңейту және жаңа білім алу мақсатында Еуропаның әртүрлі қалаларында өмір сүрген және жұмыс істеген.
Сонымен қатар, Erasmus+ акронимі «Еуропалық аймақ университет студенттерінің ұтқырлығы үшін әрекет схемасы» (European Region Action Scheme for the Mobility of University Students) деп аударылады.
МАҢЫЗДЫ: Erasmus+ стипендиялық бағдарламасына үміткерлер конкурстық негізде іріктеледі.
Үміткерлерге қойылатын талаптар (Erasus+ KA171):
- Жіберуші университетте кемінде екінші оқу жылында білім алып жүруі тиіс;
- Университет белгілеген деңгейден төмен емес орташа академиялық үлгерімге (GPA 2,97-ден төмен емес) ие болуы қажет;
- Қабылдаушы университетте оқыту жүргізілетін шет тілін кемінде В2 деңгейінде меңгеруі тиіс.
Үміткерлерді іріктеу жіберуші университет пен қабылдаушы серіктес университетпен бірлесіп, бекітілген Erasmus+ KA171 жобасы аясында жүзеге асырылады.
Erasmus+ KA171 бағдарламасы бойынша академиялық ұтқырлық мерзімі білім алушылар үшін әдетте 2 айдан 5 айға дейін, ал профессор-оқытушылар құрамы үшін 3 күннен 90 күнге дейін құрайды.
Ұтқырлықтың ұзақтығы нақты жобаның шарттарына және университеттер арасындағы келісімге сәйкес айқындалады.
Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысу Erasmus+ ережелеріне сәйкес белгіленген академиялық ұтқырлық лимиттері шегінде жүзеге асырылады.
Шетелдік серіктес университетте өткен оқу кезеңі білім алушы оралғаннан кейін жіберуші университет тарапынан кепілдендірілген түрде танылады және есепке алынады.
Erasmus+ бағдарламасының қатысушылары қабылдаушы университетте оқу ақысынан босатылады, себебі барлық негізгі шығындар Еуропалық Одақ қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Білім алушылардың көпшілігі шетелде тұру шығындарын өтеуге арналған стипендия алады.
Көптеген қатысушылар үшін Erasmus+ бағдарламасы өз елінен тыс жерде білім алу және тұрудың алғашқы тәжірибесі болады.
Осыған байланысты «Erasmus+ тәжірибесі» маңызды мәдени және білім беру құбылысы ретінде қарастырылады, ол халықаралық академиялық тәжірибе алуға ғана емес, әртүрлі елдердің студенттерімен мәдениаралық және кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.
Erasmus+ KA171 конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- Байқауға қатысу үшін факультетпен келісілген өтініш берушінің өтініші
- Университеттің мөрімен расталған транскрипт
- Шетел тілін B2 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгергенін растайтын халықаралық сертификат немесе Торайғыров университеті өткізген тест нәтижесі;
- немесе шетелдік университеттен шетел тілін білу деңгейі бар студентті қабылдауға келісім хаты
- ҚР азаматы паспортының көшірмесі және түпнұсқасы (шетелдік паспорт шетелде оқу аяқталғаннан кейін кемінде 3 ай мерзімге дейін жарамды болуы тиіс);
- Үш тілде жазылған ұсыныс хат (1 дана)
- Мотивациялық хат (хатта келесі сұрақтарға жауап берілуі тиіс: Erasmus+ бағдарламасы менің болашақ кәсіби қызметіме қандай үлес қосады? Неліктен мен Erasmus+ стипендиясына лайықпын? Бағдарламадан күтілетін нәтижелерім қандай?);
- Фото 3*4 (4 дана)
- Толтырылған өтініш формасы
- №072/y формасындағы медициналық анықтама (шетелге арналған), Шетелге шығатын тұлғаға арналған № 072/у нысанындағы медициналық анықтама (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген)
- Өтініш беруші ата-аналарының, қамқоршыларының және заңды өкілдерінің шетелге шығуға жазбаша келісімі
- Отбасының құрамы туралы құжат, білім алушының көпбалалы отбасыдан екенін растайтын анықтама (егер бар болса)
- Оқушының ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетім балалардың немесе ата-анасының қамқорлығынан айырылған оқушылар санаты үшін (егер бар болса);
- Білім алушының мүгедектігін растайтын құжат (егер бар болса)
Құжаттар қағаз түрінде папкада және электрондық тасымалдағышта (үміткердің аты-жөні, мамандығы мен шифры, кафедрасы және байланыс деректері көрсетіле отырып) тапсырылады.
МАҢЫЗДЫ:
- Үміткер бакалавр бағдарламасының 2-6 семестрлерінде оқуы тиіс. 7-семестрдегі оқыту кафедра тарапынан жеке қарастырылады
- Білім алушының академиялық үлгерім көрсеткіші кемінде GPA 2.97
- Шетел тілін меңгеру тестінен өту үшін өтінішті cam@tou.edu.kz электрондық поштасы арқылы жіберу талап етіледі
- Жиналған құжаттарды 115B офисіне Халықаралық ынтымақтастық орталығы белгілеген күннен кешіктірмей тапсыру міндеттеледі
- ҚР ҒЖБМ құжаттарға қатысты талаптарды жыл сайын нақтылайды
- Ұсынылған құжаттар мен сұхбатқа сүйене отырып, байқау комитеті лайықты үміткерлерді таңдайды
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қалай қатысуға болады?
Оқу жылы ішінде Халықаралық ынтымақтастық орталығы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына құжат қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жариялайды.
Құжаттарды уақытылы тапсыру үшін ресми хабарландырулар мен жаңалықтарды тұрақты түрде қадағалап отыру ұсынылады.
Бағдарламалардың мерзімдері мен қолжетімді бағыттары туралы қосымша ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық орталығына (115Б кабинет) тікелей жүгіну арқылы алуға болады.
Біздің байланыстарымыз
Ақшулакова Бибигуль Қайратовна
Халықаралық ынтымақтастық орталығының бастығы
Халық Жібек Абайқызы
Жоғары деңгейдегі маман (Еуропа, Оңтүстік-Шығыс елдері мен алыс шетелде білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы)
Мальцева Дарья Александровна
Жоғары деңгейдегі маман (магистранттар мен докторанттарға арналған шетелдік ғылыми тағылымдамалар, студенттердің ішкі академиялық ұтқырлығы)
Суенов Дамир Арманович
Жоғары деңгейдегі маман (білім алушылардың ТМД елдеріне және шетелдік өнеркәсіптік тәжірибеге академиялық ұтқырлығы)
Дулатова Адинай Нұржанқызы
Жоғары деңгейдегі маман (шетелдік ғалымдар, серіктестермен келісімшарттар мен келісімдер бойынша жауапты маман)
Бектазинова Анара Копкельдиновна
Шетелдік азаматтарға виза және миграциялық қолдау көрсету бойынша жоғары деңгейдегі маман
Адрес
Ломов көшесі, 64, 1-қабат, 115В кеңсесі
Жұмыс уақыты
Дс-Жм: 9:00 - 18:00
Түскі үзіліс: 13:00 - 14:00