1-көрініс – Алдар Көсе

(музыка әуені ойнап тұрады)

Әнге салып есекке мінген Алдар Көсе шығады, (сахнаның ортасында киіз үйдің макеті тұрады, онда «Сиқырлы киіз үй» деп жазылған)

А.К. : (есекке) – Др-р-р (жан-жағына қарайды) – байғұс Алдарға семіз қойдың бір жапырақ еті мен бір кесе ыстық шай қайдан табылады екен! Оның босап қалған қарнына бұдан артық Наурызға арналған сыйлық болмас еді, шіркін! Иә, сыйлықсыз қалуға тура келеді-ау деймін!

- Әй! (өзінің қарнын соғады) – Тамақ ішкің келе ме? (құлағын тіге қалады, жауапқа қарнының шұрылы естіледі (фонограмма)) - Әрине, жегің келеді ғой, ә байғұс! Қалай жегің келмесін? Соңғы қымызын қотарып алған майшелектей боссың ғой! (бұрылып киіз үйді көреді) – Міне, керемет! Жасаулы киіз тұр, жанында ешкім жоқ. Алдардың бос қарнын ыстық сорпамен жұбататын жан осынан табылып қалар мүмкін! Әй, кім барсың? (кіре бергенде киіз үй буырқанып, от шашады, А.К қорыққанынан киіз үйден домалап қашады) – Бұл үйге Алдар Көсе қадірсіз қонақ болды.

(Әйелдің көңілді күлкісі шығады)

А.К. – Керемет! Киіз үй маған күліп жатыр!
(дауыс) – Бұл менмін, Алдар Көсе, кереметтердің қорғаушысы, сиқырлы киіз үйдің иесі – Қарашашпын!
А.К. – Қауіпсіз жерге тығылып қалсам ба екен? (Қарашашқа арнап)
- Ай десе ауызы, күн десе көзі бар, сұлу, шық! Сенің әдемілігің мен ақылың жайлы ел ішінде аңыз жүр! Ей, халық! Қолдарың қайда? Қарашаш сұлуды қарсы алыңдар! Мен тығылып қалайын. (сахнаның екінші жағына кетеді.)

2-көрініс – Қарашаш, Алдар Көсе

(Ән салып Қарашаш шығады)

Қ. – Армысыңдар, балалар! (Балалар жауап береді)

Қ. – (А.К-ні көреді) – Қандай қауіптен тығылып жатырсың атақты қу Алдар?

А.К. – (ренішпен) мен туралы, Қарашаш, сен осылай айтсаң онда анау айтқандай атақты болғаным ғой. Алдар Көсеге ең үлкен қауіп бос қарыннан келейін деп отыр. Алдар Көсе бай ауыл үшін ең қауіпті адам, өткір әзілі мен күлкісі үшін оны қуады (мұңайып). Бірақ жаманы соның салдарынан қарнымның аш қалатыны. Кедейдің үйі қуана тамақтандырар еді, бірақ беретін ештеңесі жоқ. Ал шық бермес байлар ит те мүжімейтін қу сүйекті аяйды. Ал сенің үйіңнен байғұс Алдарды жұбататын бірдеңе табыла ма екен? (қуалана)

Қ. – Бұл көп кереметке толы сиқырлы киіз үй, Алдар Көсе! Бірақ бұған кіруді әлі ешкімге жазбаған.

А.К. – Міне керемет! Ішіне кіруге болмайтын киіз үйден сонда не пайда?

Қ. – Есесіне әрбір адам шыға алады және құр қол емес, сыйлықпен: ақымақ адам – ақымақтығымен, ақылды адам – ақылымен.

А.К. – Ал аш адам бос қарнымен шығатын шығар. Маған ондай сыйлықтың түкке қажеті жоқ!

Қ. – Ал ол енді сол аш адамның ниеті мен жүрегінің қандай болатынына байланысты. Егер жүрегі қарау, ниеті тар болса бақытты көрмек түгіл дәмете алмайды, ал егер кең пейіл, ақкөңіл болса, онда міндетті түрде табады.

А.К. – Тағы да жолға аш қарын шығатын болдым.

Қ. – Аш қарын? Қайда кеттің?

А.К. – Бос қарныма бақыт іздеуге барамын. (атты алады, ат қатты күледі (фонограмма), кенет А.К. тың тыңдап, иіскей бастайды, киіз үйді айнала жүгіріп, жан-жағына қарайды)

Қ. – Не боп қалды, Алдар Көсе?

А.К. – (ауа жұтып) – Қой етінің иісі шығып кетті! Мұрным мені ешқашан алдаған емес, қой етінің иісін ол күншілік жерден сезеді. Солай ма, серігім?  (ат күледі)

Қ. – Ал маған әзірге сиқырлы киіз үйде бола тұрған дұрыс болар. (музыка естіледі, біреу келе жатады)

3-көрініс – Бай, Алдар Көсе

(Бай әндетіп атқа мініп жатады)

Бай. – (қаһарлана) – Менің жалымымдағы бұл не қылған киіз үй? (киіз үйге кіреді де атылып қайта шығады, құйрығын қағып жатады) (А.К-ге) – Менің жайылылымыма аш атыңды жаюға кім саған рұхсат берді, қайыршы қу? Осы маңайда бұдан басқа сенің тағы бір табын жылқың жайлып жатқан болар. Ертең таңертең бар малыңның бұл жерден көзін жоятын бол. Тілімді алмасаң жаныңды шығарамын.

А.К. – (сыртқа) – Ей, үрленген бос қап! (байға) - Өзімізде бір ғана атым болса, сонша малды қайдан табам?

Бай. – Ендеше, кедейлердің жылқысын жоясың, қатты кісінеп ұйқы берер емес.

А.К. – (сыртқа) – Тоқтай тұр, бәлем! Көрсетермін әлі! (балаларға) Келіңдер, балалар, байды аш иттердің үргеніне салып қорқытайық! (балалар үреді)

Бай. – Ойбай, ойбай! А иттердің тобы ғой мынау!

А.К. – О! Жомарт та мейірімдім, егер сен кедейлердің бар жылқысын жоғалтқызып жіберсең, қасқырларға түнде қорқытатын еш нәрсе қалмайды да олар сенің табын-табын қойыңа шабады. Сонда сенің көзіңнің қойдың майлы еті бұлбұл ұшатын болады.

Бай. – Ой! Уақытында айтқаныңа рахмет саған, барлық кедейлерге жылқыларын менің жайылымыма жайсын деп айту керек. Ал саған жақсы ақыл бергенің үшін «мә, қойдың семіз еті!» (А.К. етті дорбасына салып да желпіне бастайды, бай оған қарайды)

А.К. – (өтірік желпініп) – Үх, мына тұлыпым осынша ыстық болады?

Бай. – Сенің андағы жыртық-жыртық тұлыпыңда қалай ыстық болады?

А.К. – Сен көрмей тқұрмысың?

Бай. – Көріп тұрмын, қарғалар тоныңның түгін қалдырмай жыртып тастапты, жүнінен тесігі көп!

А.К. – Міне, тесігінің көбі не деген рахат еді!

Бай. – Оның несі рахат?

А.К. – Суық пен жел бір тесіктен кіріп, екінші тесіктен шығып кетеді де маған тек жылуы қалады.

Бай. – (сыртқа) – Мына кедейден керемет тонын қалай алсам екен ә?

А.К. – (сыртқа) – Мына байден керемет тонын қалай алсам екен ә?

Бай. – Маған тоныңды сатсаңшы!

А.К. – О не дегеніңіз байеке! Сата алмаймын, онсыз мен қатып қаламын! (А.К бұл жөнінде тыңдағысы д келмейтін түр көрсетеді).

Бай. – Мен саған өз тонымды беремін, оның үстінен тағы ақша қосамын.

А.К. – Егер атыңды да беретін болсаң, ойланып көретін едім.

Бай. – Жарайды, атты да ал, тонды да ал, ақшаны да ал.

А.К. – Алдымен атыңды тексеріп алайын, өзі арықтау ма қалай?

Бай. – Жүйрік, күйлі ат, шапқанда ұшқан құсқа жеткізбейді!

А.К. – Тексеріп көрелік, кімнің аты көңілдірек екен? (ат үстінде билейді, Бай мен А.К. көңілді)

А.К. – Жақсы ат,аламын. Тонымды ал, бірақ байқап ки, сақта бұл өзі қымбат тон!
(Шауып кетеді)

Бай. – (Тонды өлшеп көріп, дауыстап ойын айтып жүр) – Мына тесіктен кіріп, мына тесіктен шығады... Мынадан кетеді, мынаған кіреді! (қатты дауыстап) – Алаяқ! Алдап кетті! (Атқа мінеді, ат күледі) – Шу-шу,шу! (ат жүрмейді, өзі болдырып тұрған ат өліп қалады) - Өліп қалды! Өзіме де сол керек ақымақ бай!

(фонограмма) А.К. – Жылама, бай, далада мыңдаған жол бар, бір сәттілікті жоғалтсаң, екінші сәттілікке кез келерсің. Мұңайма!

4-көрініс – Қарашаш пен Бай

(Қарашаштың әні мен балалардың биі)

Бай. – Киіз үйіңді менің жайылымыма қоюға саған кім рұхсат берді?

Қ. – Бұл көмек керек кезде жаныңнан табылатын сиқырлы киіз үй. Мен оның иесі Қарашаш боламын!

Бай. – Ха-ха-ха! (күледі) Мен сияқты байға сен сияқты әйел қандай көмек бере алушы еді? Ха-ха-ха! Мен мысалы байлықты бақытты армандаймын, бірақ оның қуанышы аз.

Қ. - Әркімнің өз бақыты өзіне. Біреулерде еңбекқорлық, ал сендегі ол қасиет қарағаштың түбінде ұйықтап қалған болар, сірә!

Бай. – Маған оны оятуға көмектессеңші енді.

Қ. – Бір ақылды ақсақал: «Көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра» деген екен. Алтынның шын қадірі кімге белгілі? Байға емес, оны шығаратын ісмерге. Кім жолды дұрыс көрсете алады? Жолға шығайын деп жатқан адам емес, сол жолды жүріп келген адам. Жер бетін  аралап жүре бер, сен де бақытыңды табарсын!

Бай. – Алысқа бару – оңай емес, қиын жұмысты мен үшін құлдарым істейді. Оның үстіне ең жақсы атымды да жоғалтып алдым. Жаңа етігіммен жерде жүруге аяймын. Сен соншалықты ақылды болсаң таң атқанға дейін маған ешқашан ескірмейтін, тастан етік тігіп қой. Хе-хе! (қаһарлана) - әйтпесе!

Қ. – Егер сен де маған қылшықтан тері, жіптен май жасап қойсаң сенің тапсырмаң орындалады, бай!

Бай. - Өй, ақымақсың-ау, Қарашаш! Қылшықтан тері, жіптен май жасалушы бола ма?

Балалар. – Жоқ!

Қ. – Балалардың өзі сенен ақылды, Бай!

Бай. – Кім ақылды? Балалар? Хе-хе-хе! (кенет селт етіп, иіскей бастайды) Бәрінен менің мұрным парасатты, ол менің қойымның майлы етін басқа ештеңемен шатастырмайды (тығылады).

5-көрініс –

(Алдар Көсе әндетіп қайтып келе жатады)

Балалар онымен бірге Қарашаш билеп келе жатыр, Бай артынан келіп Алдар Көсені қарнынан шап береді.

Бай. - Әп, бәлем! Ұсталдың ба, өтірікші!

А.К. – О! Қандай жаман сөздер айтып жатырсың, Бай! Мұның бәрі менің жасаған жақсылықтарым үшін бе?

Бай. – Қайдағы жақсылық? Сен  байғұс байларды тонайтын қу кедейсің! Семіз қойымның етін,  атым мен тонымды қайтар!

А.К. – Ойбай, сенің аузың Алдар Көсеге осындай сөздерді айтуға қалай барады? Майлы етіңізді мен досыма бердім (қарнын қағады), ал тоныңды керемет түске айырбастадым!

Бай. – Ал алтын көрінбей ме екен?

А.К. – Көрінеді, көрінеді!

Бай. – Тыңда! Маған түсіңді сатшы?

А.К. – Жақсы түс қымбат тұрады, сенің оған ақшаң жетпейді. Одан да сен маған жаңа етігіңді бер, мен саған түсімді берейін.

Бай. – Келістік!

А.К. – Қолыңды әкел!

(Бай етігін қуана шешіп Алдарға береді)

Бай. - Әкел, түсіңді!

А.К. – Тоқтай тұр. Құлағыңды жап, көзіңді жұм!

Бай. – Неге?

А.К. – Түсті жоғалтып алмас үшін.

Бай. – Түсіндім! (құлағы мен көзін жұмады, Алдар таяқ алып байдың басынан бір салады – тарсыл естіледі)

А.К. – Ал енді тура жүре бер – байқа, көзің мен құлағыңды ашпа, менің түсім жылдам, ұшып кетуі мүмкін. Көзіңді алтынға әбден көзің тойғанда ғана ашасың.

Бай. – Ал ол қашан пайда болады?

А.К. - Әлі көрінген жоқ па?

Бай. – Жо-оқ!

А.К. – Ендеше түс әлі дұрыс кірген жоқ. Тоқтай тұр! (Таяқты ала сала Байды тағы ұрады) – Алтын ұшқындар көзіңнен ұшып жатыр ма?

Бай. – Иә!

А.К. – Енді тура жүре бер, ешқайда бұрылма. Әйтпесе бақыт сенен қашып кетеді!

(Бай музыка әуенімен кетеді)

6-көрініс

Алдар Көсе, Қарашаш

А.К. – Бүгін қалай дегенмен де жақсы күн болды. Сыйлықтар өзінен өзі келіп қолыма құйылып жатыр. Бүгін бақыт менің жанымда. (арқасын қасып қояды) – Қызық, бақыт менің  жанымда, бірақ оны көзім көрмейді. (Жан-жағына қарайды, қу дауыспен) – Бақыт, шық! (алысқа қарайды) – О, Алла! Бұл менің бақытым ба? (сахна арқылы көзі мен құлағын жауып, бірдеңелерді міңгірлеп Бай кетіп бара жатады)

А.К. – (қулана) – Хе! Мені алдай алмайсың! Мынаның түрі бақытқа ұқсамайды. Қандай екен ол? Бір көзіммен болсын көре ғой! (әуен шығады, киіз үйден Қарашаш шығады, А.К. оған күдіктене қарайды)

Қ. – Алдар Көсе не іздеп жатырсың?

А.К. – (қулана) – Бақытымды қарайлап отырмын. Сен көрген жоқсың ба?

Қ. – Бақытты көру қиын, ал сезінуге болады. Әркім оны өзінше сезінеді. Жас қыздар оны көктемнің жайма шуақ күнінде билеп, көңілденгенде сезінеді.

А.К. – Соны көрсе ғой, шіркін!

Қ. – Ол қиын емес!
(Залмен би)

А.К. – Қашан мен өз бақытымды сезінемін? (Жер сілкініп жатқандай қатты адымдар естіледі)

Қ. – О! Естідім! Бұл келе жатқан менің бақытым болар? Міне  керемет! Үлкен болуы кере. Жердің өзі дүрсілдеп кетті ғой. Ал мен оның сиқырлы киіз үйде тығылып жатқанын да білмеппін! (киіз үйге) - Әй, шық!

Батырдың дауысы – Шыға алмаймын! Мен таудаймын!

А.К. – Міне, сәттілік! Айтпап па едім Алдар Көсені бақыты сатпайды деп! Демек сен тым үлкенмін дейсің бе?
Батырдың дауысы – Аспанға дейін жетемін.

А.К. – Жарайды! Мен көзі тоймайтын сараң бай емеспін, маған аз бақыт та жетеді. Сен кішірейе алмайсың ба?

Батырдың даусы – Қазір көрейін

(Музыка)

7-көрініс

Батыр, Алдар Көсе

(Батырдың әні)

Батыр. – Армысың жолаушы!

А.К. – Армысың, бақытым менің! Даусың өзгеріп кеткен сияқты ма?

Батыр. – Мен мың есеге кішірейдім ғой!

А.К. – Арықтап қалған екенсің ғой, бақытым менің! Ештеңе етпейді. Алдар Көсемен жүрсең аштан қалмайсың!

Батыр. – Рахмет, бірақ сен мені неге бақытым деп айтасың?

А.К. – Ал сен менің бақытым емеспісің?

Батыр. – Мен – Батыр-тауасармын. Ал сен кімсің?

А.К. – Мен атақты Алдар Көсемін.

Батыр. – Неңмен атақтысың?

А.К. – Ерліктерімен

Батыр. – Ендеше сен де мен сияқты батыр болдың ғой. Қайда жол тартып бара жатырсың?

А.К. – Дүние кең, жол көп. Батырды кездестірмесем өзім батыр болармын.

Батыр. – Кел екеуіміз күш сынасайық, Тауды кім алысырақ лақтырады екен?

А.К. – (мазасыздана аспанға қарайды)

Батыр. – Несіне бөгеліп тұрсың?

А.К. – Тауды жоғарыға лақтырсам, аспан айналып түсе ме деп қорқып тұрмын.

Батыр. – (қорқып кетіп) – Күшіңе сендім, бірдеңені бүлдіріп қоймай тұрғанда қоя қой, әйтпесе екеуіміз де мерт болармыз.

А.К. – Екеуміздің қайсымыз күштірек екенімізді енді қалай білеміз? (желкесін қасып) – Таптым! Жердің миын кім шығарса сол күшті болады!

Батыр. – Келістік! (Бар күшімен жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады, сұмдық қатты дауыс шығады, ол кезде А.К. жерге айранын тығып жатады)

А.К. – (қарайды) – Ештеңе көрінбейді.Ал енді қара, мен саусағыммен жерді шұқысам миын шығарамын. (жерді саусағымен басады, музыка ойнап, сол уақытта, жерден айран шығады).

Батыр. – Егер сен бір саусағыңмен жердің миын шығарсаң маған сенімен күш сынасып қажеті жоқ одан да мен дүниені аралап тағы да күш жинайын.

А.К. – Күш жинасымен тағы да кел, батыр!

Батыр. – Жарайды, Алдар Көсе! (Музыка әуенімен кетеді)

8-көрініс

Балаларды сайысы

Қ. – Мына батырды сен жеңдің, Алдар Көсе? Бірақ бүгін мұнда қандай батырлардың жиналғанын сен білмейсің.

А.К. – Қазір біз олардың күшін тексереміз.

Анау жерде сахнада балалармен ойын жүргізіліп жатады:

1.    Ақ сандық пен көк сандық – бірнеше жұп ер балалар бір-біріне арқаларын беріп тұрып, көтереді.

2.    Тұтқынға алу - Әр сыныптан 4-5 бала қатыса алады. Екі қатарға қарсы тұрған балалар бір-бірінің қолдарынан тартады, кімнің күшті екені сыналады.

9-көрініс

(музыка естіледі)

А.К. – Бізге тағы бір қонақ келе жатыр! (қарайлап тұрады). – Бұл дәл айтсам менің сорым келе жатыр! (музыка әуенімен Бай қайтып келе жатады, А.К. ұйықтаған болып қалады, Бай құлағы мен көзін жауып алып келе жатады, жалаң аяқ, сүрініп, құлап қалады, көзін ашып, Жан-жағына қарайды).

Бай. – Міне керемет! Қайдан кетсем сонда қайтып келдім! Бай үшін бүгін жаман болды. Таңертең қарным тоқ, көйлегім көк болып еді, енді қарным аш, жалаңаш келе жатырмын. Менің байлық бағым менен алыстап бара жатыр-ау деймін

Қ. – Ол жалқау және ақымақ.

А.К. – Білем, қолыма түссе екен бір! (қаһарлана жұдырығын түйеді)
(қорыл естіледі, бай ұйықтап жатқанды көріп, оған жақындайды да түртеді)

Бай. - Әй, менің көзімен қорылжайтын кім едің сен? (қорыл күшейе түседі) – Сен кімсің? (Басын бүркеп алып тұрады)

А.К. – Мен сенің – бақытыңмын!

Бай. – (қуанып кетіп) - Әйтеуір таптым ғой сені! Әйтпесе мен сені біржола жоғалтып алдым ғой деп ойлап едім. (қаһарлана) – Сен, көк жалқау, қожайының басынан қиындық кешіп жүргенде неге дем алып жатырсың?

А.К. – Мен деп алған жоқпын сенің түсіңді күзеттім!

Бай. – Қандай түс?

А.К. – Алдар Көсе наурызға 33 сыйлық тауып алған екен деймін.

Бай. – Сыйлық деген не?

А.К. – Ол енді мынандай ... (қолымен көрсетеді) мынандай ...

Бай. – Айтсаңшы енді

А.К. – оны Алдар Көсе біледі!

Бай. – Сен онда оған барып кел, байқа жолда бір үйге тастап кетпесін.

А.К. - Әрине, қожайын. Мен сенің бақытыңмын ғой!

Бай. – Тез барып кел, байға бақсыз өмір сүруге болмайды.
(Алдар Көсе мәз болып кетеді)

10-көрініс

Бай. – Эх, далада күн қандай! Ал маған күннің көзі де күлімдейді. Өзімнің күйбең тіршілігіммен мен нағыз мереке мен күлкінің не екенін де ұмыттым. (Қарашашқа) – Мына киіз үйдің крегі не, әйтеуір маған көмектеспейді?

А.К. – Жылама, бай! Біз сені көңілдендіреміз!

(Қарашаш балалардың арасында ең күлкілі түрге байқау өткізеді)

11-көрініс

(Алдар Көсе әуенденіп қайтып келеді)

Бай. - Әп, бәрекелді, міне сен де ұсталдың!

А.К. – (көңілсіздене) Бұл не күн өзі? Тағы да сол бай!

Бай. – Енді сен менен құтылмайсың!

А.К. - Әрине, мен сенің бақытыңмын ғой!

Бай. – Не?

А.К. – Бүгін мен сенің бақытың болдым!

Бай. – Жыртық тон мен өтірік түс қайдағы бақыт болушы еді?

А.К. – Ал Алдар Көсесіз сен оны білмес едің?

А.К. – Тұлып тек басында ақшаның ызыңы ғана бар ақымақтарды жылытпайды!

Бай. – Ал 33 сыйлық қайда?

А.К. – Күнымен далада жүргенде түсіріп алыппын, тауып алғаң келсе күнімен тағы жолда жүр!

(Қорытынды ән)