01 Нұсқа

 1. Б.з.б. VІІ-VІ ғасырда шыққан өнер стилі:
A) Аң стилі
B) Нүктелік стилі
C) Балбал стилі
D) Полихромдық стилі
E) Геометриялық өрнек стилі
 2. Орта жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатыскан:
A) Әйтеке би.
B) Төле би.
C) Қазыбек би.
D) Алшынбай би.
E) Майқы би.
 3. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет.
A) Оғыз мемлекеті.
B) Қарақытай мемлекеті.
C) Қарахан мемлекеті.
D) Қимақ хандығы.
E) Қыпшақ хандығы.
 4. Моѓолстан мемлекетініњ орталығы:
A) Янгикент.
B) Алмалық.
C) Баласағұн.
D) Отырар.
E) Самарқанд.
 5. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
A) 1845 жылға дейін
B) 1824 жылға дейін
C) 1835 жылға дейін
D) 1840 жылға дейін
E) 1822 жылға дейін
 6. 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп
A) су диірмені  
B) сыра зауыты
C) нан зауыты 
D) май зауыты  
E) тұз зауыты  
 7. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда ашылған тұңғыш қоғамдық кітапхана
A) Ақмолада
B) Ақтөбеде
C) Петропавлда
D) Семейде
E) Өскеменде
 8. Керей хандығы мен монғол тайпаларының арасындағы қарым-қатынас
жайлы айтылатын еңбек:
A) ”Оғызнама”
B) ”Шыңғыснама”
C) ”Монғолдың құпия шежіресі”
D) Монғол тарихы
E) ”Батый”
 9. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы:
A) Ядролық физика
B) Гуманитарлық 
C) Ғарышты игеру
D) Кибернетика
E) Есептеу техникалары
10. Абдаллах хан Самарқан өлкесіндегі Африкент уәләятын сыйға тартты:
A) Тәуекел ханға.
B) Есім ханға.
C) Хақназар ханға.
D) Қасым ханға.
E) Тәуке ханға.
11. «Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинақ» - деп өз тілін қорсынып, жат елдің тілінде сөйлеу, шығарма жазу сияқты әрекеттерге қарсы болған ғұлама:
A) Әл-Фараби
B) Әл-Бируни
C) М. Қашғари
D) Ж. Баласағұни
E) А. Йасауи
12. Моғолстан мемлекетінің құрылуына басты рөл атқарған әмір, дулат тайпасының ақсүйегі:
A) Темір
B) Қызыр - Қожа
C) Дува
D) Поладшы
E) Жүніс
13. Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жер:
A) Кент
B) Баянауыл
C) Таңбалы Нұра
D) Шыңғыстау
E) Қарқаралы 
14. Аса көрнекті ойшыл әрі ақын, Қазақстанда мұсылман дінінің сопылық ағымын таратушы :
A) Жүсіп Баласағұн.
B) Ахмет Яссауи.
C) Махмұд Қашқари.
D) Мұхаммед Хайдар.
E) Қадырғали Жалайри.
15. ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары:
A) Шымкент, Түркістан. 
B) Орал.
C) Омбы, Аягөз.
D) Петропавл, Семей.
E) Орынбор.
16. 1917 жылы Қазан төңкерісі қарсаңына дейінгі халықтан тартып алынған жер көлемі:
A) 4 млн десятина.
B) 9 млн десятина.
C) 45 млн десятина.
D) 40 млн десятина. 
E) 17 млн десятина.
17. Ќазаќстан Орталыќ Атќару Комитеті «Ќырғыз (ќазаќ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы» декрет ќабылдаған жыл:
A) 1921 жыл
B) 1923 жыл
C) 1925 жыл
D) 1924 жыл
E) 1922 жыл
18. 1917 жылғы 27-ақпанда Ресейде болған революцияның сипаты:
A) Социалистік.
B) Ұлт-азаттық.
C) Буржуазиялық-демократияық.
D) Аграрлық.
E) Капиталистік.
19. 1980 жылдардың соңына қарай экономикалық даму бағытын нарықтық қатынастарға негіздеп қайта құру үшін Қазақстан үкіметі қабылдаған заң:
A) «Кәсіпорындарды тарату туралы»
B) «Казақ КСР-індегі шетел инвестициялар туралы»
C) «Совхоздар мен колхоздарды тарату туралы»
D) «Жекешелеу туралы»
E) «Ұлттық валюта-теңгені айналымға енгізу туралы»
20. Неолит дәуірінің Орталық Қазақстан жеріндегі тұрағы
A) Пеньки.
B) Шабақты.
C) Зеленая Балка.
D) Қарасу.
E) Усть-Нарым.
21. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін  сақтаулы тұрған ел:
A) Қытай
B) Византия
C) Жапония
D) Үндістан
E) Орта Азия
22. XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:
A) Дәуітбек кесенесі.
B) Қарахан кесенесі.
C) Айша бибі кесенесі.
D) Бабаджа-Хатын кесенесі.
E) Боран мұнарасы.
23. 1710 жылы қазақ жерінің Қарақұм маңында бас қосу себебі:
A) Тәукені хан сайлау
B) Хан сайлау
C) Жоңғарларға қарсы тойтарыс беру
D) Руаралық тартыстарды шешу
E) Заңдар жинағын шығару 
24. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам  көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке:
A) Тоқмақ.
B) Бішкек.
C) Ыстықкөл.
D) Қарқара.
E) Ұзынағаш.
25. Төлеген Тоқтаров Кеңес Одағының батыр атағын, қаза тапқаннан кейін алды:
A) Брест қамалы шайқасы үшін.
B) Мәскеу шайқасы үшін.
C) Ленинград шайқасы үшін.
D) Курск шайқасы үшін.
E) Сталинград шайқасы үшін.


 
02 Нұсқа

 1. Сарматтардың шаруашылық қызметінің негізгі түрі.
A) Егіншілік.
B) Көшпелі мал шаруашылығы.
C) Отырықшы мал шаруашылығы.
D) Балық аулау.
E) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы.
 2. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын:
A) Айран.
B) Шұбат.
C) Қымыз.
D) Көже.
E) Қатық.
 3. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы:
A) Жетісу.
B) Сығанақ.
C) Құлан.
D) Алтай.
E) Иасы. 
 4. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:
A) 1845 жылға дейін
B) 1824 жылға дейін
C) 1835 жылға дейін
D) 1840 жылға дейін
E) 1822 жылға дейін
 5. 1595ж. Тәуекел ханға орыс елшілігін басқарып келген:
A) Степанов.
B) Федоров.
C) Осипов.
D) Аталықов.
E) Тевкелев.
 6. 1836-1838 ж.ж. Ішкі Ордада шаруалар көтерілісін басқарған қолбасшылар:
A) Жәнібек Қандыбайұлы.
B) Еділұлы, Тайсойғанұлы.
C) Тайманұлы, Өтемісұлы.
D) Наурызбайұлы, Жанболатұлы.
E) Нұралыұлы, Байжанұлы.
 7. Вязьма түбегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған
A) Н.Жанжігітұлы
B) Майлыбайұлы 
C) Б.Тілекұлы
D) С.Хамитұлы
E) Е.Азаматұлы
 8. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер
A) Ақмола
B) Семей
C) Жаркент
D) Орал
E) Қарағанды
 9. 1954 жылға дейінгі Қазақстан Компартиясы  Орталық Комитетінің бірінші хатшысы:
A) Д.А.Қонаев.
B) Ю.Скворцов.
C) Ж. Шаяхметов.
D) Л.Брежнев.
E) П.Пономаренко. 
10. Орталық Қазақстанда орналасқан Алаша хан кесенесінің салынған мерзімі:
A)  XVI-XVII ғғ. аралығында.
B)  XIII-XIV ғғ. аралығында.
C)  XIV-XV ғғ. аралығында.
D)  XV-XVI ғғ. аралығында.
E)  XVII-XVIII ғғ. аралығында.
11. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны
A) 30
B) 35
C) 40
D) 25
E) 45
12. Керей мен Жәнібек бөлініп кеткен хандық
A) Сібір хандығы
B) Алтын Орда
C) Әбілхайыр хандығы
D) Ноғай хандығы
E) Моғолстан
13. Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы
A) Дарий
B) Геродот
C) Кир
D) Трог
E) Ксеркс
14. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан
A) Қасым
B) Жәнібек
C) Бұрындық
D) Хақназар
E) Керей
15. 1822-1895 жылдары өмір сүрген халық ақыны
A) Шернияз
B) Сүйінбай
C) Махамбет
D) Жамбыл
E) Шөже
16. "Алаш" партиясы құрылды
A) 1915 ж.
B) 1914 ж.
C) 1917 ж.
D) 1916 ж.
E) 1913 ж.
17. 1905 жылы 16-28 қарашада Семей қаласында өткен ереуіл:
A) Мұғалімдер ереуілі.
B) Пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.
C) Тұтқындар ереуілі.
D) Жол-құрылыс қызметкерлерінің ереуілі.
E) Әскерилердің ереуілі.
18. «Қан мен тер» трилогиясының авторы:
A) Әбдіжәміл Нұрпейісов.
B) Әнуар Әлімжанов.
C) Жұбан Молдағалиев.
D) Ілияс Есенберлин.
E) Ғабит Мүсірепов.
19. 1989 жылдың маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды
A) М.Горбачев 
B) Е.Асанбаев
C) Н.Назарбаев
D) К.Асанов
E) Қ.Мырзалиев
20. Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы:
A) Солтүстік Қазақстан
B) Шығыс Қазақстан
C) Оңтүстік Қазақстан
D) Орталық Қазақстан
E) Батыс Қазақстан
21. Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде салынған сәулет өнерінің тамаша туындысы:
A) Айша бибі кесенесі
B) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі
C) Дәуітбек кесенесі
D) Тектұрмас кесенесі
E) Көккесене
22. 1643 ж. жоңғарларға қарсы ерлікпен шайқасқан хан:
A) Тахир.
B) Жәңгір.
C) Тәуекел.
D) Жолбарыс.
E) Есім.
23. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған:
A) Оспан Шоңов 
B) Нұрлан Қияшев  
C) Бекболат Әшекеев
D) Тұрар Рысқұлов 
E) Сәкен Сейфуллин 
24. 1946 жылы маусымда құрылды:
A) Қазақ КСР Ғылым академиясы
B) Алматы педагогикалық институты
C) КСРО Ғылым академиясы
D) Қазақ Мемлекеттік Университеті
E) КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы
25. Н.Назарбаевтың өкімімен, Б.Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді:
A) 1990 ж.
B) 1997 ж.
C) 1999 ж.
D) 1998 ж.
E) 1996 ж.