01 Нұсқа

 1. Жануарлар әлемін зерттейді:
A) Бриология.
B) Цитология.
C) Экология.
D) Зоология.
E) Ботаника.
 2. Құрғақ жеміс - дәнек :
A) күріште.
B) бақбақта.
C) меңдуанада.
D) орамжапырақта.
E) асбұршақта.
 3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым:
A) Биология.
B) Эмбриология.
C) Микология.
D) Цитология.
E) Микробиология.
 4. Алқа тұқымдасының гүліндегі күлте жапырақшаларының саны-
A) 4.
B) 5.
C) 6.
D) 8.
E) 10.
 5. Сүйекті балық.
A) Көк акула.
B) Тікенекті жұп балық.
C) Тұтасбас.
D) Шортан.
E) Жолақ акула.
 6. Өкпені жарақаттайтын ауру.
A) Өкпенің қабынуы.
B) Туберкулез.
C) Тұмау.
D) Тыныс демікпесі.
E) Ауатамырының қабынуы.
 7. Аш ішек жатады:
A) Зәр шығаруға.
B) Сезім жүйесіне.
C) Асқорыту жүйесіне.
D) Тыныс алу жүйесіне.
E) Жүйке жүйесіне.
 8. Адам бұлшық етінде түзілетін ақуыз:
A) Глицерин.
B) Никотин.
C) Миозин.
D) Козеин.
E) Дентин.
 9. Экожүйеде түзілетін өсімдіктер мен жануарлар түрінің саны
A) Популяция тығыздығы
B) Экожүйе
C) Түр алуан түрлілігі
D) Сукцессия
E) Биомасса
10. Жасушаның цитоплазмасы-
A) Түссіз қоймалжың зат
B) Ұсақ денешіктер
C) Тығыз зат
D) Ірі денешіктер
E) Шағын денешік
11. Қынап жапырақты өсімдік
A) Қарағай
B) Жолжелкен
C) Үйеңкі
D) Бидай
E) Емен
12. Безгек ауруын қоздыратын паразитті ашқан:
A) Ы. Жандеркин
B) А. Левенгук
C) А. Лаверан
D) М. Кудерин
E) М. Мусин
13. Құстар мен сүтқоректілердің жүрегі:
A) Екі бөлім
B) Төрт бөлім
C) Бір бөлім
D) Бес бөлім
E) Үш бөлім
14. Ішекқуыстыларға жатпайды:
A) Актиния.
B) Гидра.
C) Бодо.
D) Көпаяқты маржан.
E) Медуза.
15. Акромегалия ауруы белгісіне жатпайды:
A) Дауысы гүжілдейді.  
B) Қол-аяқ сүйектері үлкен. 
C) Шөлдегіш келеді.
D) Тілі аузына симайды. 
E) Бет,маңдай сүйектері алға шығыңқы. 
16. Жүйке жүйесінің ішкі мүшелер қызметін реттейтін бөлігі
A) соматикалық.
B) автономиялық.
C) қимыл нервтері.
D) аралас нервтер.
E) сезгіш нервтер.
17. Eңбек етуде механикалық іс-әрекеттің анықталатындығы-
A) сезім мүшелерінің қатысуымен.
B) бұлшық еттерінің жұмысымен.
C) есімен.
D) ойлауымен.
E) эмоциясымен.
18. Фибрин – бұл:
A) түссіз сұйықтық.
B) қан.
C) қан жасушалары.
D) ерімейтін талшықты ақуыз.
E) қан плазмасы.
19. Алғашқы қылқанжапырақтылар шықты
A) Мезозой.
B) Архей.
C) Палеозой.
D) Протерозой.
E) Кайнозой.
20. Адамның қалқанша безінің жұмысын жақсарту үшін тамаққа қосатын балдыр:
A) Саргассум
B) Ламинария
C) Кладофора
D) Диатом балдыры
E) Порфира
21. Қырықбуын жапырағының түсі:
A) Қызыл
B) Қоңыр
C) Жасыл
D) Ақ
E) Сары
22. ДНҚ молекуласының құрамына кіретін
A) 2 типті неуклеотид
B) 3 типті неуклеотид
C) 4 типті неуклеотид
D) 5 типті неуклеотид
E) 6 типті неуклеотид
23. Митоздың метафаза кезеңінде:
A) хромосомалар экваторға жинақталады, бөліну шүйкесі түзіледі.
B) хромосомалар ширатылады, қысқарады, жуандайды.
C) бөліну шүйкесі жойылады, хромосомалар тарқатылып, ядро қабықшасы түзіледі, екі жас жасуша пайда болады.
D) хромосомалар шүйке жіпшелерінің әсерімен (көмегімен) полюстерге қарай ажырайды.
E) ДНК синтезделіп молекула екі еселенеді.
24. Генотипінде тек бір іріктеме аллелі ғана болатын тіршілік иесі.
A) Гомозиготалы.
B) Комплиментарлық.
C) Эпистаз.
D) Гетерозиготалы.
E) Полимерия.
25. «Табиғи сұрыпталу» теориясының авторы.
A) Ч.Дарвин.
B) Ж.Б.Ламарк.
C) К.Линней.
D) Э.Геккель.
E) С.Миллер.



02 Нұсқа

 1. Қос жарнақты өсімдік:
A) Жүгері
B) Банан
C) Қияқөлең
D) Күнбағыс
E) Пальма
 2. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырымен селбесіп, тамақ өнеркәсібінде кеңінен пайдаланатын тірі табиғаттың ерекше тобы
A) Саңырауқұлақтар
B) Вирустар
C) Жануарлар
D) Мүктер
E) Плаундар
 3. Төменгі сатыдағы өсімдік:
A) Мүк
B) Балдыр
C) Плаун
D) Қырықбуын
E) Шымтезек мүгі
 4. Мүктерді зерттейтін ғылым:
A) Биология.
B) Бриология.
C) Цитология.
D) Микология.
E) Эмбриология.
 5. Раушангүлділер тұқымдасындағы сәндік гүл  :
A) Алма
B) Шыршай
C) Байғұт
D) Раушан
E) Итмұрын
 6. Сұр кесірткенің тіршілік етуі:
A) батпақты жерде
B) өзенде
C) көлдерде
D) құрғақ, күн жақсы қыздыратын жерде
E) теңізді орындарда мекендейді
 7. Мұрын қуысында микробтарды жоятын жасушалар.
A) Эритроциттер.
B) Лейкоциттер.
C) Тромбоциттер.
D) Фагоциттер.
E) Лимфоциттер.
 8. Өттің түзілуі:
A) Ұйқы безінде.
B) Бауырда.
C) Қарында.
D) Ұлтабарда.
E) Аш ішекте.
 9. Сперматогенез нәтижесінде түзілетіндер:
A) Ұрық.
B) Жұмыртқа жасушалары.
C) Зигота.
D) Сперматозоидтар.
E) Сомалық жасушалары.
10. Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын арнайы тұтас табиғи аймақ:
A) Қорықша
B) Қорық
C) Саяжай
D) Жылы жай
E) Ұлттық саябақ
11. Тек өсімдік жасушасында болатын денешік.
A) Целлюлоза. 
B) Пластидтер.
C) Ядро.  
D) Вакуоль.
E) Жасунық.  
12. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдік:
A) Жүгері.
B) Бидай.
C) Асқабақ.
D) Пияз.
E) Күріш.
13. Қарапайымдардың зәр шығару мүшесі:
A) Бүйрек.
B) Жасыл жұп без.
C) Вакуоль.
D) Несеп ағар.
E) Жұлдызша тәрізді түтік.
14. Ішекқуыстыларға тән-қасиет .
A) Екі жақты симметриялылығы .
B) Пішін тұрақсыздығы.
C) Сәулелі симметриялылығы.
D) Көзшесінің болуы.
E) Қарынның болуы.
15. Ұйқы безі бөлетін гормондардың қызметі:
A) Көмірсу алмасуын реттейді
B) Барлық бездердің жұмысын реттейді
C) Ағзаның өсуін реттейді
D) Май алмасуды реттейді
E) Тотығу-тотықсыздану реакциясын жылдамдатады
16. Сопақша мидың қызметі
A) қозғалуды реттеу.
B) бағдарлауды басқару.
C) сезуді реттеу.
D) тыныс алу, қан айналу, асқорытуды басқару.
E) тепе-теңдікті сақтау.
17. Жүрек бұлшық еті тұрады:
A) Бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан.
B) Көлденең жолақты бұлшық ет талшықтарынан.
C) Қаңқа ұлпасынан.
D) Сіңірлерден.
E) Көлденең жолақты бұлшық еттерден.
18. Оттегіне қаныққан қан:
A) Ұлпа қылтамырлары.
B) Көктамыр қаны.
C) Салатамыр қаны.
D) Қолқа.
E) Қылтамыр қаны.
19. Қалқанша бездің қызметі балалық жаста төмендесе пайда болатын ауру
A) Бақшаңкөз.
B) Кретинизм.
C) Алып ауруы.
D) Ергежейлік.
E) Микседема.
20. Кірпікшелі кебісше үшін қылаулатқыштың қызметі
A) зиянды заттарды шығару.
B) қолайсыз жағдайдан қорғану.
C) қозғалу, қорегін қармау (ұстау).
D) қорытылмаған қалдықтарды шығару.
E) жарықты сезу.
21. Энергия көзі- АТФ малекуласын және нәруыз, РНҚ молекулаларын синтездеуші органоид:
A) Митохондрилар.
B) Лизосомалар.
C) Центриольдер.
D) Рибосомалар.
E) Гольджи жиынтығы.
22. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы.
A) Полимер.
B) Фенотип.
C) Полимерия.
D) Генотип.
E) Эпистаз.
23. Опарин-Холдейн болжамын сынақ тәжірибемен дәлелдеген ғалым.
A) С.Миллер.
B) А.Левенгук.
C) Д.Тиндаль.
D) Луи пастер.
E) Э.Геккель.
24. «Табиғи жүйе» және «ботаника философиясы» еңбектерінің авторы.
A) Ж.Б.Ламарк.
B) Э.Геккель.
C) К.Линней.
D) Ч.Дарвин.
E) С.Миллер.
25. Консументтерге жататын ағзалар:
A) Автотрофтар.
B) Бір жасушалы балдырлар.
C) Гетеротрофтар.
D) Фотосинтездеушілер.
E) Хемосинтездеушілер.