Жастарды, бакалаврлар мен студенттерді, магистранттарды ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуға ықпал ететін «Шоқан жолдары» қоғамдық ұйымының төрағасы ретінде мемлекеттік сатып алулар конкурсында қатысып, оның шарттарына сәйкес «Қазіргі кезеңнің мәдени-тарихи дәстүріндегі Иманжүсіп» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу концепсиясы құрастырылды.

Сонымен қатар қазақ тіл білгіштері облыстық сайысында әділқазылар алқасы төрағасы ретінде қатысты. Иманжүсіптің 150-жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып сайланды, Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залындағы экспозицияның ашылуында атсалысты, С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада, Ақсу қаласында қазақ мәдениетінің тарихы тақырыбында дәрістер оқылды, «Сатпаев и современность» мақаласымен Сатпаев оқуларына қатысты, «Ақ балдақ алмасымның сынығысың» кітабының редакторы болды.

Есеп беру уақытында «Шоқан» клубының мүшелігіне таңдау бойынша жүйелі жұмыс атқарылды. Жастар клубының бағыты, біріккен жобалар жоспарланды. Клуб мүшелері Омск қаласына «Омбы жастары» жастар ұйымының презентациясына қатысты.

2013 жылдың сәуір айында Ақсу қаласының С.Дөнентаев атындағы мәдениет үйінде жастармен дөңгелек стол мен семинар өткізілді.

Конференцияны өткізу және дайындау барысында магистранттар, оқушылар, магистрлар, студенттер белсенді араласты. Олар волонтерлар болды, қонақтарды қарсы алды, баспа өнімін жазып шығаруға дайындады. Әсіресе, белсене қатысқан магистранттар, Сарсембинова Мөлдір, Амирова Салтанат, шақыру билеттерінің дизайнын, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның бағдарламасын жасады.

«Шоқан» клубының Ақмола блогы бойынша мүшелері Айыртау ауданына барып қайтты, Сырымбет ауылында презентациялық көрмелер ұйымдастырды. (2-5 маусым 2013 ж.)

Павлодарлық блок бойынша С.Торайғыров атындағы ПМУ колледжінде дәрістер, Павлодар Мәдениет басқармасының шығармашыл интеллигенциясының қатысуымен белгілі журналист және «Звезда Прииртышья» газетінің бас редакторы Ю. Поминовтың кітабының презентациясына қатысты, сонымен қатар Шафердың музыкалық орталығында, Анастасии Цветаева мұражайында, Майра мен Бұқар жырау мұражайында болды. Өткен іс-шаралар бойынша фотоқатарлар мен портфолио дайындалуда.

2013 жылдың шілде айына Қозы Көрпеш Баян Сұлу мазарына ғылыми-зерттеу экспедициясы жоспарлануда. Қазіргі уақытта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде, экспедиция құрамы дайындалып жатыр және басқа да сұрақтар талқылануда.

2013 жылдың қыркүйек айында Омбы облысынң бірқатар аудандарында жоба қатысушылары мен Тұлғаны кешенді зерттеу орталығының қызметкерлері педагогикалық марафонға қатыспақ.

Қазіргі таңда Омбы қаласында 28 маусымда өтетін «Мәдениаралық қатынас үрдісіндегі тіл» ғылыми-тәжірибелік конференциясына дайындық жүріп жатыр. Конференция «Джей энд Эс» компаниясымен қоса өтеді.

Омбы қаласында «Болашақ» орталығының мүшелерімен Шешендік сөйлеу мәнері тренингі өткізілуіне дайындық жұмысы жүруде. «Тіл және мәдениет» жоба аясында Павлодар облыстық радиосында жұма сайын 2 бағдарлама: «Әдеби кештер» және «Тұлпардық ізімен» шығады. 2012 жылдың желтоқсан айынан республикалық және облыстық баспаларда 30 шақты мақала, 15 тікелей эфирде көрсетілім өтті.

60 жылдыққа библиографиялық жинақ, «Ақ балдақ алмасымның сынығысың» шығарылды. Баспаға бірқатар жұмыстар дайындалды, соның ішінде, «Мағжан Жұмабаев» монографиясы.