Құрметті білім алушылар!
«Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру процесінде босаған «бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін бос білім беру гранттарын беру Қағидалары» негізінде tou.edu.kz порталындағы білім алушының жеке кабинетінде оқу процесінде босаған бакалавриат және магистратураның бос гранттарын беруге өтініштерді онлайн қабылдау tou.edu.kz/student_cabinet/ сілтемесі бойынша 2026 жылғы 24 маусымды қоса алғанда ұзартылады.
Бос білім гранттардың тізімі университет порталында " Student life - Бос гранттар" тарауда орналасқан Сілтемеге өту (сілтеме: https://tou.edu.kz/ru/?option=com_content&view=article&id=9974)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жастардың аналитикалық және зерттеу құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеуге және ілгерілетуге қабілетті жас сарапшылар пулын қалыптастыруға бағытталған «Jastar Research Hub» жас сарапшылар акселераторы жобасы іске қосылды.
Жоба жастар саясаты, мемлекеттік басқару, цифрландыру, өңірлік даму және қоғамдық үдерістер салаларында зерттеу және сараптамалық қызметке қызығушылық танытатын магистратура және докторантура студенттеріне арналған.
Жоба аясында:
- қатысушыларды конкурстық іріктеу (2026 жылғы 4 мамыр – 4 маусым аралығы);
- оқыту бағдарламасын өткізу;
- аналитикалық баяндамаларды дайындау және таныстыру;
- қатысушыларды сараптамалық алаңдарға тарту және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
- кәсіби даму мен жұмысқа орналасуға жәрдемдесу көзделген.
Жобаға қатысу үшін үміткерлер www.eljastary.kz сайтында өтінім толтыруы қажет.
Байланыс тұлғалары:
Ақмарал Тұрғайбекқызы – «Жастар» ҒЗО директорының орынбасары,
тел.: +77014260195; Айым – «Жастар» ҒЗО сарапшысы, тел.: +7 775 734 7247
Электрондық пошта: infonic@eljastary.kz
Акселератор.pdf
Акселератор Каз.pdf
Құрметті білім алушылар!
Қазақстан бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдаудың қосымша кезеңі ашылды.
Құжаттарды тапсыру мерзімі 2026 жылғы 30 маусымды қоса алғанға дейін ұзартылды.
Іріктеудің негізгі критерийлері:
- оқу кезеңінің барлық уақытындағы жоғары академиялық үлгерім;
- Қазақстан бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін GPA көрсеткіші кемінде 2,7 болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) ҚР азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі;
2) Академиялық үлгерімі көрсетілген транскрипт (ЦОС арқылы рәсімделеді);
3) № 075 нысанындағы медициналық анықтама және флюорография нәтижесі (шетелге шығушылар үшін);
4) 3×4 см көлеміндегі фотосуреттер (4 дана);
5) Кафедраның ұсыным хаты (деканның, кафедра меңгерушісінің және эдвайзердің қолымен расталған);
6) Ата-анасының басқа жоғары оқу орнында білім алуға келісімі туралы өтініші.
Байланыс мәліметтері:
112-кабинет
e-mail: malceva.d@tou.edu.kz
Үйлестіруші: Дарья Александровна