Protocols of the department

Кафедра мәжілісінің хаттамасы                                   

Нысан

ToU ҰС Н 4.01.5/03

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

Торайғыров университеті

 

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті

Үштұғырлы тіл кафедрасы

 

Кафедра мәжілісінің

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

26.08.2022ж.

Павлодар қ.

 

Төраға: кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнулина

Хатшы: аға оқытушы, педагогика ғыл. магистрі Н.А. Нуркина

 

Күн тәртібінде:

 

1

Оқытушылардың педагогикалық жүктеме міндеті мен кафедрада атқаратын қызметімен таныстыру

каф. мең.

 А.Ф.Зейнулина

2

2022-2023 оқу жылына арналған кафедраның жұмыс жоспарын талқылау, бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

3

Торайғыров университеті сапа саласындағы саясаты мен мақсаты туралы, ЖОО миссиясы мен стратегиясы туралы. Кафедраның сапа саласындағы мақсатын әзірлеу мен бекіту туралы. Танысу парағын ресімдеу.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

 

4

Барлық мамандықтарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби-бағытталған шетел тілі (ағылшын тілі)», «Профессионально-ориентированный иностранный язык (анг яз)», «Неміс тілі», «Немецкий язык» 2022- 2023 жылы түскен білім алушыларына арналған  жұмыс оқу жоспарларын бекіту.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

 

5

Барлық мамандықтарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі», «Ағылшын тілі», «Кәсіби-бағытталған шетел тілі (ағылшын тілі)», «Профессионально-ориентированный иностранный язык (анг яз)», «Неміс тілі», «Немецкий язык» 2022- 2023 жылы түскен білім алушыларына арналған  жұмыс оқу жоспарларының электронды кешенін ЭлПОӘК (ЭлУМКД) бекіту.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

пән мұғалімдері

Б.Р.Кожахметова

Г.К.Шаикова

А.Ж.Анесова

6

Барлық мамандықтарға арналған «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Кәсіби орыс тілі»,«Ағылшын тілі»,«Кәсіби-бағытталған шетел тілі (ағылшын тілі)», «Профессионально-ориентированный иностранный язык (анг яз)», «Неміс тілі», «Немецкий язык» пәндері бойынша оқытудың талаптарын анықтайтын жаңа стандарт негізінде дәстүрлі түрде оқыту бағытында ПОӘК (УМКД) толықтырулар енгізу, бекіту.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина,

пән мұғалімдері

Б.Р.Кожахметова

Г.К.Шаикова

     А.Ж.Анесова

7

«Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі»,  пәндері бойынша оқытудың талаптарын анықтайтын жаңа стандарт негізінде деңгейлі оқыту бойынша 300 сағат көлемінде онлайн курсының оқу-әдістемелік кешенін жасау. Ашық  онлайн курсын жариялау.

А.Ф.Зейнулина,

Б.Р.Кожахметова

Г.К.Шаикова

А.Ж.Анесова

пән мұғалімдері

8

Оқу-әдістемелік, ғылыми-теориялық семинарлардың жұмыс жоспарын талқылау, бекіту. Оқу-әдістемелік әдебиеттерді шығару жоспарын бекіту

А.Ф.Зейнулина,

С.Ж.Ерғалиева

Б.Т.Куанышева

Е.А.Новоселова

9

Оқытушылардың өзара сабаққа қатысым кестесін бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина,

Б.Т.Куанышева

Е.А.Новоселова

10

Оқытушылардың ашық сабақ өткізу кестесін бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина,

Б.Т.Куанышева

Е.А.Новоселова

11

542 – Үштұғырлы тіл кафедрасы

540 – Орыс тілі

536 – Неміс тілі

532 – Қазақ тілі

529   - Ағылшын тілі

328 а -   Орыс тілі

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина,

А.С.Уразова

 

12

Сабақтың бақылау шараларын өткізу, СӨЖ және МӨЖ түрлерін өткізу бойынша жұмыс кестесін бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

13

Қорытынды бақылау формасын бекіту.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

14

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысының жылдық жоспарын жасау және бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

С.Ж.Ерғалиева

15

ПОҚ-тың дайындығы мен біліктілігін арттыру жоспарын жасау және бекіту.

А.Ф.Зейнулина

С.Ж.Ерғалиева

А.Ж.Сахариева

16

2021-2022 және 2021-2025 жылдарға арналған кафедраның болашақ даму жоспарын талқылау, толықтыру және бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

С.Ж.Ерғалиева

17

2022-2023 оқу жылына арналған студенттерге ұлттық-танымдық тәрбие беру бойынша тәрбие жұмысы бағдарламасын бекіту

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина,

Ә.П. Шаһарман

18

Кафедраның ПОҚ-тың лауазымдық құзіреттілік нұсқаулығымен таныстырып, бекіту. Танысу парағын ресімдеу.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

19

ПОҚ-тың педагогикалық жүктемелері мен жеке жұмыс жоспарын толтырып, бекіту. Танысу парағын ресімдеу.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

20

Сапа менеджментінің үрдісін танытатын құжаттармен:

1.Құжаттандыру үрдістері; 2.Ұйым стандарттарымен; 

3. Әдістемелік нұсқаулармен таныстыру және таныстыру парағын ресімдеу          

А.Ф.Зейнулина,

Б.Р.Қожахметова

А.С.Уразова

21

Білім күні. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыз  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», «Жаңа Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты бағдарламасы негізінде  атты халыққа жолдаулар аясының негізінде тақырыптық тәрбие сағаттары

    каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

 

 

22

Шаруашылық есеп келісімі негізінде «Қазақ тілінің деңгейлік практикумы»  атты Екібастұз қаласының тұрғындары мен  мемлекеттік қызметкерлерге арналған онлайн сабақ. 1 447 040.00 т.

    А.Ф.Зейнулина

Б.Р Қожахметова

А.Т.Ташекова

23

Семей. SMARTSTART ЖШС Шаруашылық есеп келісімі негізінде  «Қазақ тілін интенсивті деңгейлі оқыту мазмұны» атты тақырыпта облыс оқытушыларына арналған 4 семинар.  800 800 25 т.

каф. меңг.

А.Ф.Зейнулина

Б.Р Қожахметова

24

Әр пән бойынша барлық мамандық бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға сілтеме жолдама жұмысы

Пән оқытушылары

25

Университет жоспарына сәйкес сенбілікке қатысу

Жыл бойы

Кесте бойынша

26

Студенттер үйінде тұратын студенттермен жұмыс, кезекшілік

А.Ф.Зейнулина

ПОҚ

27

Діни экстремизм, құқықтық тәрбие (имамдармен,адвокатпен, наркологпен) тақырыбына арналған әңгімелер

Жыл бойы

А.Ф.Зейнулина

Пән оқытушылары

28

А.П. Чехов, Ж. Аймауытов  атындағы театрларға бару

А.Ф.Зейнулина

Пән оқытушылары

29

Қаланың мұражайларына бару

Пән оқытушылары

30

 

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – мемлекеттік идея тірегі» атты сұхбат беру. Торайғыров Университеті. Ақпараттық-ағартушылық штабы.Түрлі тәрбиелік-танымдық шаралар. 

каф. мең.

А.Ф.Зейнулина

Пән оқытушылары

31

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай «Абай жолы»  роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени, тарихи, тілдік-әлемдік бейнесі» атты әдеби кеш.

Қыркүйек, 2022

 

32

«2022 жыл – Балалар жылы» тақырыбы аясында кафедра ұжымы мен оқытушылардың балаларының қатысуымен табиғатқа саяхат ұйымдастыру

24 қыркүйек, 2022

 

 

     1. Тыңдалды: Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнулина:

Құрметті әріптестер! Барлықтарыңызды жаңа 2022-2023 оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Жаңа оқу жылында баршаңызға табыс, сәттілік тілеймін. Бүгінгі алғашқы кафедра мәжілісінде бірқатар мәселелер қарастырылады. Ең алдымен, 2022-2023 оқу жылының жоспарын ұсынамын, соны қарастырып, бекітейік, ұсыныстарыңыз болса, айтыңыздар.

Бүгінгі күнде кафедрада штаттық кесте бойынша оқытушылар толық ресімделді. Кадр бөліміне барлық құжаттар тапсырылды. Оқу кабинеттері толық жабдықталып, тапсырылды, кабинеттер оқу процесіне дайын.

Жүктеме бойынша айтарымыз – оқытушылардың барлығының жүктемесі дайын. Оқытушылар тез арада жүктемелеріңізбен және сабақ кестесімен танысып, жеке жұмыс жоспарларыңызды толтырыңыздар. 1-курстардың сабақтары қыркүйектің 5-інен  басталады. Оған дейін сабақ кестелерін жазып алып, қарастырыңыздар.

 

2. Тыңдалды: ф.ғ.к., қауымд. профессор Ә.П. Шаһарман: кафедраның тәрбие жұмысының жоспары бекітілуге ұсынылып отыр. Жоспардың ішіне кіретін мәселелер мыналар:

1

Білім күні. Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыз  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», «Жаңа Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты бағдарламасы негізінде  атты халыққа жолдаулар аясының негізінде тақырыптық тәрбие сағаттары

қыркүйек, 2022

 

2

Университет жоспарына сәйкес Сенбілікке қатысу

Жыл бойы

3

Студенттер үйінде тұратын студенттерге бару

Жыл бойы

4

Діни экстремизм, құқықтық тәрбие (адвокатпен, наркологпен сұхбат) тақырыбына арналған әңгімелер

Жыл бойы

5

А.П. Чехов, Ж. Аймауытов  атындағы театрларға бару

Жыл бойы

6

Қаланың мұражайларына бару

Жыл бойы

7

Қазақстан халқының тілдері күніне арналған «Қазақ тілі – мемлекеттік идея тірегі» атты сұхбат беру. Торайғыров Университеті. Ақпараттық-ағартушылық штабы. Түрлі тәрбиелік-танымдық шаралар. 

қыркүйек 2022

8

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезов 125 жылдығына орай «Абай жолы»  роман-эпопеясы қазақ ұлтының мәдени, тарихи, тілдік-әлемдік бейнесі» атты әдеби кеш

қыркүйек, 2022

9

«2022 – Балалар жылы» тақырыбы аясында кафедра ұжымы мен оқытушылардың балаларының қатысуымен табиғатқа саяхат ұйымдастыру

24 қыркүйек 2022

10

«Дәстүр мен ғұрып» атты арнайы жобаны жүзеге асыру бойынша «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып тағылымы – ұлттық құндылық қазығы» атты кеш

қазан, 2022

11

Тақырыптық кештер: «Нашақорлыққа жол жоқ!»; «Тән саулығы – жан саулығы»; «Әдеп әлемі» және т.б.

Жыл бойы

12

Кинокоучинг. Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай түсірілген режиссер Мұрат Есжанның «Ахмет. Ұлт ұстазы» телесериалын талқылау

Қазан, 2022

13

«Ұлттық  мәдениет – ұлттық бренд» атты тақырыпта «ERTIS» телеарнасында арнайы хабар.

қараша, 2022

14

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Павлодар облысының киелі жерлері» атты студенттер арасында конкурс презентация өткізу.

қараша, 2022

15

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат»

Желтоқсан оқиғасының 36 жылдығына орай  «Желтоқсан – Тәуелсіздік қарлығашы» атты  (ашық тәрбиелік сағаттар өткізу, көтеріліске қатысқан кейіпкерлермен кездесу ұйымдастыру)

желтоқсан,

2022

16

Жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу  Сейдімбектің туғанына 80 жыл толуына арналған «Ақиық» әдеби кеші 

желтоқсан,

2022

17

«Шет тілі апталығын өткізу. Проведение недели иностранных языков», посвященных празднованию Рождества в странах изучаемого языка (Weihnachten, Merry Christmas)

        желтоқсан,

2022

18

2022-2023 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған тәрбие жұмыстары бойынша есеп

желтоқсан,

2022

19

Денсаулық күні. Шаңғы трассасы – 2023

қаңтар, 2023

20

«Бір ел – бір кітап акциясы жобасында «Кітап оқу мәдениеті» атты кітапханалық кездесу.

Қаңтар, 2022

21

Халықаралық  мереке – Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз – 2023  қарсы алу шаралары

наурыз,

 2023

22

Қазақ тілі апталығын өткізу. «Туған жер» компонентіне орай «Көрікті ойдан – көркем сөз...» атты шешендік сөйлеу акциясын студенттер мен магистранттар арасында өткізу. «Тіл шебері» сайысын өткізу

сәуір,

2023

23

«Қыз Жібек» клубына жетекшілік

А.Ф.Зейнулина

24

1-мамыр – Халықтар достығы, ынтымақ күніне арналған «Бірлік түбі – тірлік» атты ашық семинар

Мамыр,

2023

25

«Ұлы Жеңіске – 78 жыл». Мерекелік әдеби – музыкалық кеш

Мамыр,

2023

26

31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құобандарын еске алу күніне орай «Қасірет пен тағзым» атты ғылыми отырыс.

Мамыр,

2023

27

ҚР мемлекеттік рәміздері – Ел мәртебесі

Маусым, 2022

28

Студенттерге волонтерлық жұмыс шараларын өткізу

Жыл бойы

29

Университет бойынша жоспардан тыс өткізілетін іс-шараларға белсенді қатысу.

Жыл бойы

30

2022-2023 жылы өткен кафедраның тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі

Маусым, 2023

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы мәселелер бойынша барлық тәрбие сағаттары жоспарлы түрде өз айында өткізіледі, студенттер үйіне кезекшілік кестесі құрылды, қала театрларына, мұражайларына бару кестесі құрылды, жауапты оқытушылар тағайындалды, «Оқу үлгерімінің баллдық-рейтинг жүйесімен таныстыру», «Студенттер этикасы» атты студенттерге арналған жаппай жиналыс қыркүйектің 1-і күні өтеді. Арнайы папка бар, соған барлық есеп тапсырылады. Жалпы, тәрбие жұмысына жоспарланған шаралар толықтай өткізіледі деп сенемін.

Білім күніне орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыз  «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы», «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа жолдау аясының негізінде «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты тәрбие сағаттары жоспарланған болатын.  Тәрбие сағатын әр оқытушы өз тобымен өткізеді, жоспары жасалды, қатысушылар осы мамандық студенттері мен оқытушылар. Жауапты оқытушылар белгіленді. Соңынан есеп кафедраға тапсырылады.

Қаулы қабылдады: кафедраның тәрбие жұмысының жоспары бекітуге қабылдансын.

 

3. Тыңдалды: аға оқытушы, пед. ғыл. магистрі Б.Р. Қожахметова:                             Торайғыров университетінің миссиясына өзгерістер енгізілді, сонымен қатар жаңартылған төмендегі құжаттармен танысып шығыңыздар:

- Торайғыров университетінің  саясаты;  Торайғыров университетінің 2025 жылға дейін арналған сапа саласындағы мақсаттар;

- сапа жөніндегі басшылық; құжаттамаланған процедуралар; ұйым стандарттары; әдістемелік нұсқаулар;

- құрылымдық бөлімшелерде әзірленіп қабылданған сапа менеджменті жүйесінің құжаттары (құрылымдық бөлімшелер туралы ереже, қызметтік нұсқаулар, оқу-әдістемелік кешендер және т.б.);

- сапа менеджменті жүйесі туралы түсінік;

- сапа менеджменті жүйесі бойынша өзекті ақпараттарға енгізілген жаңалықтармен танысып шығыңыздар, қол қойыңыздар.

Қаулы қабылдады: Сапа менеджментінің үрдісін танытатын құжаттармен: құжаттандыру үрдістері; ұйым стандарттарымен; әдістемелік нұсқаулармен таныстыру және таныстыру парағын ресімдеу жұмыстары бойынша есеп қанағаттанарлық деп қабылдансын.  

 

      4. ТЫҢДАЛДЫ: Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., профессор А.Ф. Зейнулина: тағы да бір қарастырылатын мәселе – кафедраның қаржыландыру гранттарын алу мәселесі. Бұған дейін де кафедра оқытушылары бірнеше гранттары ұтып алды. Жалпы бұл тұрғыда жұмыс жақсы жүргізілуде. Осы орайда мына шаралар жоспарланып отыр: Шаруашылық есеп келісімі негізінде «Қазақ тілінің деңгейлік практикумы»  атты Екібастұз қаласының тұрғындары мен  мемлекеттік қызметкерлерге арналған онлайн сабақ. Сомасы – 1 447 040.00 тенге. SMARTSTART ЖШС Шаруашылық есеп келісімі негізінде  «Қазақ тілін интенсивті деңгейлі оқыту мазмұны» атты тақырыпта облыс оқытушыларына арналған 4 семинар.  Сомасы – 800 800 25 т. Бұл шараны ұйымдастырушылар, жауаптылар – А. Ф. Зейнулина, Б.Р. Қожахметова, А.Т. Ташекова.