Құрметті Серік Мәуленұлы! Білім беру – «Қазақстан–2030» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдылықтарының бірі болып танылды. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты – білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік – экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Сондықтан жаңа ұлттық пайымдау ұсынылды: «2020 жылға қарай Қазақстан – білімді мемлекет, ақылмен құрылған экономика және біліктілігі жоғары жұмыс күші». Мемлекет бізге, студенттерге, өте көп қамқорлық жасап жатыр. Бізде келешекте алған білімімізді мемлекеттің өркендеуіне қолданып, барлық күшімізді саламыз. Бірақ біздің өмірімізде әлі де көп кемшіліктер, қателіктер кездеседі. Соның бірі, біз С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің, химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінде оқитын студенттерді таң қалдырып отырғаны, қазақ тобының студенттеріне оқытушылардың орыс тілінде дәріс беретіні. Химия және химиялық технологиялар кафедрасының меңгерушісі Жапарғазинова К.Х. өзі қазақ тілінде беріп үлгі көрсетудің орнына орысша дәріс беріп жүр. Біз, Күлшат Хайроллақызын қазақ тілінде дәріс беруді сұрағанда, ол кісі бізге орысша: «Ауыздарыңды жабыңдар», - деп ұрысты. Өз кезінде Ы.Алтынсарин қазақ балаларына мектеп салдырды, өйткені қазақ тілінде оқыту қажеттілігі болды, ал біз тәуелсіздік кезінде қазақ тілінде сөйлеуге оқытушы апайларымыздан қорқамыз. Құрметті Серік Мәуленұлы, осы мәселені қарастырып, тез арада шешуді сұраймыз. Өйткені, мемлекет берілген грант бойынша бізге қазақ тілінде дәріс беру керек. Бұл мәселе шешілмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентіне хат жолдауға тура келеді.
Құрметті студенттер! «Химия және химиялық технология» кафедрасының студентттері деп белгіленген кафедра меңгерушісі химия ғылымдарының кандидаты, С.Торайғыров атындағы ПМУ профессоры К.Х.Жапаргазинованың үстіне түскен шағым бойынша шаралар қолдану үшін Хмиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканатына аты-жөні анық белгілі студенттерден өтініш түсуі қажет.
Осы күнге дейін ондай өтініш деканатта жоқ, сол себептен шағымда көрсетілген мәселе орындалуы мүмкін емес. Қызметтік тексеріс барысында блогқа түскен шағымның ішіндегі мәліметтер анықталмады.
Осыған дәлел болатын келесі анықтамалар жиналды:
- Проф. К.Х. Жапаргазинова қазақ тілінде оқитын ОЗХТ-101, ОЗХТ-201 және БЗХТ-101 топтарының студенттерімен кездесіп, шағымда жазылған мәселені талқыладық. Талқылану нәтижесінде студенттердің айтуы бойынша лектор дәрістерді тек қазақ тілінде жүргізеді.
- Студентердің дәріс дәптерлерін тексеру барысында дәрістер тек қана қазақ тілінде жүргізілетіндігі анықталды.
- ОЗХТ-101, ОЗХТ-201 және БЗХТ-101 топтарының студенттері профессор К.Х. Жапаргазинова бүкіл сабақтарды қазақ тілінде жүргізеді деп жазбаша анықтама берді.
- Проф. К.Х.Жапаргазинова қазақ тілінде оқитын топтарға сабақтарды 25 жылдан астам уақыт бойынша тек қазақ тілінде оқытады. Ол қазақ тіліндегі химиялық терминологияны толығынан меңгерген және қазақ тілін жақсы қолданатын маман екеніне күмән жоқ.
- Проф. К.Х. Жапаргазинованың дәріс және зертханалық сабақтарына дайындалған әдістемелік материалдары, құрал-жабдықтары тек қазақ тілінде жазылған.
Осы жазылған жайыттарға байланысты студенттер проф. К.Х.Жапаргазинованың қазақ тілінде өтетін сабақтарына еш күмән жоқтығын білдірді.