С. Е. Нургалиеваның диссертациялық жұмысын қорғау туралы хабарландыру

«8D023 - Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша (білім беру бағдарламасы «8D02303 Шетел филологиясы», «8D02304 Аударма ісі») бойынша «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы диссертациялық кеңесте Нургалиева Салтанат Еркиновнаның «8D02304 Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған «Дисней мультфильмдерінің қазақ тіліндегі аудиовизуалды аудармасының ерекшеліктері» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.

Докторлық диссертацияны қорғау тілі – орыс тілі

Диссертациялық жұмыс «Торайғыров университеті» КеАҚ «Шетел филология» кафедрасында орындалған.

Ресми рецензенттер:

1. Ахатова Багиля Абильмажиновна – филология ғылымдарының докторы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мәдениетаралық коммуникациялар кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

2. Акижанова Диана Муратовна – философия докторы (PhD), Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Аударма теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі,  Астана қ., Қазақстан Республикасы.

Ғылыми кеңесшілері:

1. Жумашева Анара Шариповна  филология  ғылымдарының докторы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;

2. Карабулатова Ирина Советовна филология ғылымдарының докторы, Хэйлунцзян университетінің профессоры, Харбин қ., Қытай Халық Республикасы.

Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы:

1. Саурбаев Ришат Журкенович диссертациялық кеңестің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, «Торайғыров университеті» КеАҚ профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы;

2. Каримова Камар Кабиденовна  диссертациялық Кеңес төрағасының орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

3. Карабулатова Ирина Советовна диссертациялық кеңестің шетелдік ғалым-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, Хэйлунцзян университетінің профессоры, Харбин қ., Қытай Халық Республикасы;

4. Погожева Елена Юрьевна – диссертациялық кеңестің ғылыми хатшысы, философия докторы (PhD), «Торайғыров университеті» КеАҚ қауымдастырылған профессоры, Павлодар қ., Қазақстан Республикасы.

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:

1. Аймагамбетова Малика Муратовна – философия докторы (PhD), Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шетел филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы;

2. Дуйсекова Куляш Керимбековна – филология ғылымдарының докторы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Шетел филологиясы кафедрасының профессоры, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

3. Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна - филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркология Және Алтайтану Ғылыми-Зерттеу Институтының директоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

Қорғау аралас форматта 2026 жылғы 29 маусымда сағат 10:00-де «Торайғыров университеті» КеАҚ жанындағы «8D023 - Тілдер және әдебиет» кадрларды даярлау бағыты бойынша (білім беру бағдарламасы «8D02303 Шетел филологиясы», «8D02304 Аударма ісі») бойынша  диссертациялық кеңесте өтеді.

Мекен-жайы: 140008, Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, Бас корпус, А-5 ауд.

Онлайн трансляция ZOOM платформасында өтеді:

https://zoom.us/j/91639157217?pwd=MfKC7fRT7X4FcmAqtsTglmWZrivSHK.1

Конференция идентификаторы: 916 3915 7217

Қол жеткізу коды: 108988

Сайт мекен-жайы: www.tou.edu.kz, e-mail: pgu@tou.edu.kz

Ғылыми хатшы: Е. Ю. Погожева

Тел.: +7 701 388 84 26