Кездесу университет бойынша кешенді экскурсиядан басталды. Қонақ жаратылыстану және ауыл шаруашылығы факультеттерінің зертханалық базасы және жаңа Computer Science факультетінің жұмысымен танысты.

Еске сала кетсек, биылғы жылы жоғары оқу орнында ІТ бағыты бойынша жаңа өзекті мамандықтар енгізілді: киберқауіпсіздік, бағдарламалық инженерия, веб-әзірлеу, графика, виртуалды және қосымша шынайылық, DevOps-инженерия.

Сонымен қатар, барлық мамандық студенттеріне арналған майнорлар (қосымша мамандықтар) енгізілді: видеопродакшн, цифрлық дыбыстық режиссура, компьютерлік графика және дизайн, виртуалды және қосымша шынайылық, веб-бағдарламалау,  SMM&SEO.

Робототехника, виртуалды және қосымша шынайылық, желілік әкімшілендіру, компьютерлік графика, бағдарламалау з, видеопродакшн және цифрлық музыка зертханалары ашылды.