«Торайғыров университеті» акционерлік емес ұйымының басқарма төрағасы-ректорының м.а. Нұрлан Ержанов аймақтық коммуникация қызметіндегі баспасөз-мәслихатында жоғары оқу орнының жоспарларымен бөлісті.

Былғы жылы «Computer Science» факультеті және вокал өнері мен әртістік өнер жаңа шығармашылық  мамандықтарына алғаш рет студенттер қабылданады.

Жуырда университет QS World University Rankings халықаралық университеттер рейтингіне енген 14 оқу орнының қатарынан көрінді.

Ғалымдар ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру бойынша жалпы сомасы 527 млн. теңге болатын 19 жобаны жүзеге асыруда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың хаттамалық тапсырмасы мен «Nur Otan» партиясының жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Торайғыров университеті 2021-2024 жылдар аралығында материалдық-техникалық базаны дамытуға 4 млрд. теңге қаржы алатын 15 аймақтық ЖОО қатарына енді.

«Мықты ЖОО - мықты аймақ» бағдарламасы бойынша шағын инновациялық зона ашылды. Оның аясында 12 жоба жүзеге асырылуда: құрылыс материалдарын өндіру, эко-ойыншық өндірісі, сұйық сабын, антисептик, табиғи косметика, жиһаз және т.б. өндірісі.

«Жас халық» бизнесті несиелендіру бағдарламасы бойынша оқу орнының жас ғалымдары  бизнес ашу мен дамытуға жалпы сомасы 125 млн. теңге болатын 12 жеңілдетілген займ алды.

Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 12 млн. теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда.

Билік, ғылым мен бизнестің үшжақты серіктестігі оқу орнына түлектерді еңбекпен қамту, педагогикалық жүктемені азайту мен ПОҚ-ның кірістерін көбейтуге мүмкіндік беруде.