Бүгін 21-ші рет Сәтбаев оқулары басталды. Бұл ғылыми пікірталас алаңына қатысқан студенттер мен оқушылар сапалы жұмыстарын ұсынды.

Онлайн-форматтағы конференция - заманауи технологиялар еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар арасындағы байланысты нығайтуға көмектесіп жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осы жолы Қазақстан қалалары мен Ресейдің көршілес аймақтарынан шамамен 1200 мақала түсті.

Қонақтар алдында Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айзада Құрманова және Томск политехникалық университеті табиғи ресурстар ұлттық зерттеу институтының профессоры Елена Ивашкина сөз алды.

- Қоғам алдындағы практикалық тапсырмаларды шешуде ғылыми бағытты белсенді дамыту керек. Сондықтан, қазіргі уақытта университеттер, мемлекет пен бизнес-құрылымдар арасындағы серіктестікті нығайту аса маңызды деп ойлаймын. Бұл ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипаттамасын арттырып, оларды коммерцияландыруға мүмкіндік береді, - дейді ғылыми жұмыс және халықаралық серіктестік жөніндегі проректор Нұрлан Ержанов.