Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэ-сик Торайғыров университетінің студенттері және магистранттарына дәріс оқыды.

Елші ынтымақтастықты нығайту. инвестициялық белсенділікті арттыру бойынша қызығушылық танытты. Нақтырақ айтқанда, Оңтүстік Корея Республикасы мен Дүниежүзілік банктің қорларында ғылыми әзірлемелер бойынша қатысу, корей тілін оқытуғы еріктілерді тарту және жаз кезінде археологиялық волонтерлікке жастарды тарту бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді Қазақстан және Оңтүстік Корея Республикаларының «Самал жел» атты жаңа экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларында жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, мейман музей кешенінің бірегей артефактілері мен стартап-жобалармен танысты. Олардың қатарында ауаның тазаруы мен жылуды қамтамасыз ететін Influx климаттық жүйесі, мүгедек арбасын атвоматты басқаруды оңтайландыратын ElPref құралы және GPS жүйесі бар медициналық білезік. Білезік қандағы оттегінің деңгейін, артериалды қысымды және жүре қағысын бақылауға мүмкіндік береді.