Орталықтың ашылу салтанатына судьялар, сот саласының ардагерлері, медиаторлар, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық кәсіподақ өкілдері, профессорлық-оқытушылық құрам, студенттік декандар мен студенттер қатысты.

«Біз азаматтық және қақтығыссыз қоғамның серіктестігі мен диалогын дамытуды көздейміз. Десе де, тәжірибе жүзінде бәрі басқаша көрініс табады. Қақтығыстар көп, некелер бұзылады, адамдар ұрысқа көп барады. Құқықбұзушылықтар саны артуда».

2011 жылы «Медиация туралы» Заң қабылданып, дауларды реттеу мүмкіндігі туды. Азаматтық, еңбек, отбасылық құқтық қарым-қатынастағы дауларды сотқа дейін шешуге болады.

«Біздің қоғамға медиация жақсы таныс. Баяғы замандв дауларды билер соттары шешетін. Билер қоғамдағы түрлі қақтығыстарды реттейтін медиаторлар рөлін атқарған», - дейді М. Бегентаев

Бүгінде 20 тыңдаушы медиация дағдыларын жақсартуда. Татуластыру орталығымен қатар, оқыту семинарлары басталды.

Студенттік ортада медиацияны дамыту ЖОО және Павлодар облыстық соты, «Татуласу орталығы» арасында жасалған меморандум аясында жалғасын табады.