Тәуелсіздік күні қарсаңында Торайғыров университетінде мерекелік концерт өтті.

Инретнационалды трио мен оқытушылар хорының дебюттік өнері жиналған қауымның қошеметіне ие болды. Ал домбыра мен балалайканың үндесуі жұртшылықтың көңілінен шықты.

Салтанатты шара еңбегі еленгендерді марапаттау рәсімімен жалғасын тапты.

Бұл күні университет түлектері қатарындағы "Рубиком" ЖШС-нің бас директоры Вячеслав Руф, спортшы Рустам Худиев пен Денис Зиновьев ерекше құрметтелді. Рустам Худиев пен Денис Зиновьевтің мобильді қосымшалары Play Market және App Store- де жиі жүктелетін үздік он өнімнің қатарында.

Айта кетейік, мереке күні шахматтық партия өтті. Физика және аспап жасау кафедрасының меңгерушісі Талғат Досанов мобильді қосымша арқылы Швеция ойыншысымен шеберлік байқасты. Жеңіске жетуге небары бір минут кетті.