Toraighyrov University бірінші басшысы Мейрам Бегентаев университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері алдында есеп берді.

Өткен жылғы негізгі көрсеткіштер мен цифрлардан басқа ЖОО-ны дамыту бойынша алдағы жоспарлар айтылды. Ал көрермендер тікелей және онлайн түрде сұрақтарын қойып, сол жерде жауап алды.

ToU жайлылық аумағы деп ресми жарияланды. Жыл соңына дейін бас корпуста 90-шы жылдардан бері жұмыс істемейтін лифт іске қосылады. Ол үшін барлық келісімдерге қол қойылды, тек жеткізу және орнату ғана қалды.

Асханадағы ауа сору мәселесі де шешілді, бәлішті бәрі жақсы көргенмен, иісін ұнатпайды. Осы жерде дәретханадағы кабинкаларды кеңейтуді өтінгендер де болды.

Өзгерістер командасының жұмысы да сөз болды, олар корпусты жылытып, термометрді жайлы белгіге қойды.

Сондай-ақ көрермендерден "Өлкетану" экспедициясын жаңғырту және компьютерлік паркті жаңарту жөнінде ұсыныстар түсті.