Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Азат Шуманов университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті.

Санитарлық қауіпсіздік, флюрографиялық тексерулер мен диагностиканың қажеттілігі, туберкулез ауруының жабық және ашық формалары туралы әңгіме қозғалды.

Бүгінде студенттер мен оқытушылар арасында туберкулезге шалдығу деректері жиілеген, ең басты фактор – алдын алу.

«Университетте ауруды алдын алу бойынша нақты алгоритм бар. Егер тексеруден өтпесе, студент пен оқытушы сессия және сабаққа жіберілмейді. Бұл тексерістен өтуге ынталандыратын құрал», – дейді Азат Шуманов.

Тексеруден өтпеу аурудың таралуына және жабық формадан ашық формаға өтуге сеп болуы мүмкін. Айта кетейік, ашық форма сирек кездеседі, ал жабық форма күн сайын тіркеледі.