Бірінші курс студентін іздеуге барлығы тырысты. "Досикті қүтқару" геотактикалық ойын мәресіне жетті.

Студентті іздеу жұмыстарына университеттің үздік күштері жұмылдырылды. Торайғыров университетінің 38 сарбазы оны іздеуге смартфондарды қолданды.

Машина жасау факультетінің студенті Досик студенттік өмір туралы комикс-блог жүргізбекші болады, бірақ, Сека досымен жоғалып кетті. Кейін екі дос стартап бойынша жұмыс істеп жүргізгені белгілі болды. Бірақ, мақсаттарына жете алмады. Досик университетке оралғанда оқу бойынша "қарыздарын" тапсыруға уәде берді.

Дегенмен, студент қайта іс-түссіз жоғалып кетті.

Ойынның басты мақсаты - сессия тапсыруға рұқсат алу. Қатысушылардың қабілеттерін университеттің SUPER-қызметкерлері сарапқа салды: Фея апа, күзетші Берік, дене шынықтырушы Шумилич, Сантехниктің елесі, профессор Цоколь, Радий Уранұлы және құпиялы Х.Y.Z. Олардың әрқайсысы өз тапсырмасын беріп, пәндер тізімін берді.

Ең зерек қатысушылао құпия сандықтарды ашып, бонустарға ие болды.

Квест қорытындысы бойынша Досик құтқарылды, барлығын тапсырды. Ал құтқарушылар марапатталды.

Бірінші орын - Тимур Айтмұқанов. Екінші орын - Тайбек Мұсай. Үшінші орын - Зухра Мендібай.