Мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің студенттері үшін канадалық профессор, PhD докторы Алмаз Толымбек (Delta International University) төрт апта бойы инвестициялық сауаттылықты дамыту тақырыбы бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. дәріскер қаржылық мүмкіндіктер туралы әңгіме қозғап, отандық зейнетақы жүйесінің жаңа кезеңі туралы ойларымен бөлісті.

«БЖЗҚ альтренативті қорлар мен компанияларды таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ұйымдарға зейнетақы жинақтары қорын басқару сеніп тапсырылады. Әр азамат, әр жинақтаушы инвестициялау тетіктерін түсіну керек. Зейнетке шыққан соң болашағына алаңдамау үшін жол картасын анықтап алу қажет. Мәселен, канадалық зейнеткерлер зейнетке шыққан кезде жалақысының 75%-ын алады. Айта кетейік, әр орташа статистикалық канадалық шамаме 5000 доллар алады», – дейді А. Толымбек.