Toraighyrov University, Павлодар қызмет және тамақтану колледжі және технологиялық колледждің студенттері "Көшпенділердің дәстүрлі асханасы" атты байқауда бақтарын сынады.

Теориялық материалдар тәжірибе жүзінде іске асырылды. Болашақ аспаздар жиналып, ұлттық тағамдарды ескі әдістермен дайындады. Әр топта 5 студент болды, әрқайсысы бір тағам әзірледі. Қазылар алқасы олардың тағамдарынан дәм татып, бағаларын берді.

Технологиялық колледждің "Жас орда" командасы қарсыластарына дес бермей, "Боржыма" және "Қышқыл сары май" әзірледі. Осылайша, жеңіске жетті. «Nomad kitchen» командасы екінші орынға ие болды. Ал "ПМУ көшпенділері" жентті инновациялық әдііспен жасап, үшінші орын тұғырынан көрінді.