Облыс мектептері қазақ әдебиеті және тарихы пәндерінің мұғалімдері, өңірдегі ардагерлер кеңесі мен Қазақстан халқы Ассемблеясының өкілдері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығын талқылады.

Жиынға келген қауым университеттің «Сиқырлы Торайғыр» атты жаңа жобасымен танысты. Жоба Торайғыров ауылын абаттандыру бойынша 18 бағытты қамтиды. Атап айтқанда, ашық аспан астында музей мен кинотеатр ашу, ақпараттық нұсқаулықтар мен билбордтар орнату, көрікті жерлер көрсетілген элеткронды карта мен буклеттер әзірлеу. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың еңбектерін ағылшын және орыс тілдеріне аударып, баспаға шығару жоспарда бар. Ал Торайғыр көлінің маңын тазарта ужұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.

Ақынның ұрпағы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Ержан Торайғыров С. Торайғыровтың әкесінің дүниеге келі туралы айтып берді.

«Оның әкесі ырымның арқасында дүниеге келуі - қызық дерек. Қазақтар балалар туа салысымен қайтыс болғанды «көз тиді» деп қабылдайтыны бар. Осы кезде баланы пәле-жаладан сақта уүшін басқа әйелге беру салты болған. Кейін ата-ана өздерінің туған балаларын «сатып алады». Нәрестеге Әубәкір есімі берілді, себебі, әйел баланы ескі матаға орып әкетті. Оған Шоқпыт деп ат берді. Бұл есім көпке дейін сақталды. Бастапқыда Торайғыр ауылы Шоқпыт деп аталған», - дейді Ержан Торайғыров.

Осы күні С. Торайғыров музейінің директоры мен «Баянауыл» ұлттық табиғи паркінің бас инспекторы Алтынбек Құрманов С. Торайғыров Алтын медалімен марапатталды.

Айта кетейік, 11-ші Торайғыров оқулыры 37 секциялық алаңда өтті. 345 ғылыми мақала алты томдық топтамада жарық көрді.