С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеттің Ғылыми кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті. С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың ректоры Арын Өрсариев университеттің 2020 жылға дейінгі жаңа Даму стратегиясын таныстырды.

Биыл Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталады. Бүгінгі таңда оның орнына ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім беру және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу үстінде. Өз кезегінде, С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың  2011-2020 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының бірінші кезеңі аяқталуда және оның орнына 2020 жылға дейінгі жаңа Стратегия әзірленді. 

Оны әзірлеу үшін басты құрылымдық бөлімшелердің, факультеттер мен кафедралардың, тіпті студенттердің өкілдері тартылған Жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, Халықаралық бизнес дамыту департаментінің директоры және Брунель (Ұлыбритания) университетінің стратегиялық менеджмент бойынша аға оқытушысы Абрахам Алтоноян секілді тәжірибелі шетелдік сарапшылар тартылды. Ол оқытудың жаңа технологиясын қолдану, жоғары білімдегі менеджмент және көшбасшылық саласындағы және QS рейтингісінде халықаралық сарапшы маман болып табылады.  

ЖОО-ның миссиясы – жаһандық және өңірлік қатерлерге жауап беретін білімдер мен көшбасшылар даярлау арқылы бәсекеге қабілетті қоғам құруға қатысу.

Стратегия болжамы – 2020 жылға қарай бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуші жоғары академиялық және зерттеушілік халықаралық мойындалған беделі бар экономикалық тұрақты университет құру.

Стратегияның мақсаты – 2020 жылға қарай QS World UniversitiesRanking аясындағы әлемнің 500 үздік жоо қатарына кіру.

Осы ретте Арын Амангелдіұлы университеттің экономикалық тұрақтылығына, оның академиялық және зерттеушілік беделін нығаюына, түлек мамандардың бәсекеге қабілеттерін арттыруына жету жөніндегі нақты көрсеткіштерді анықтады.  

Стратегияның өзі менеджменттің озық құралдарын – тиімділіктің теңгерімді көрсеткіштері мен басты көрсеткіштері жүйесін (KPI) пайдаланумен жасалды. «Біздің стратегиялық болжамымыз жұмыс тиімділігінің басты көрсеткіштерін (KPI) әр қызметкер және білім алушылардың қаржылай түрткісі жүйесімен байланысты болады», – деп атап өтті университет ректоры.

Осылайша, 2016 жылы университетте өте күрделі, алайда ЖОО-ны 2020 жылға дейін Даму стратегиясын іске асыру бойынша қызықты жұмыс басталады. Оның нәтижесі С. Торайғыров атындағы ПМУ-ды отандық қана емес, әлемдік жоғары мектептер арасында танымал брендке айналдыру.