С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері РФ Барнаул қаласында өткен «От рождества к рождеству» атты ХІІ халықаралық музыкалық фестиваль-конкурсына қатысты.

«Орындаушылық өнер» мамандығының студенттері Жұлдыз Жұмаділова, Нұргүл Жарылғасова мен Құралай Темірбекова Ресейдің Алтай өлкесіндегі ән байқауында ПМУ-дың намысын қорғап, музыкалық өнерлерін ортаға салды.   

Конкурстың мақсаты жаңа жас таланттарды ашу, үздік орындаушылық дәстүрді дамыту, ән өнерін мәдени мұра ретінде сақтау және байыту болып табылады.  

Ән фестиваль-конкурсына 500 орындаушы-музыкант қатысты. Конкурс 6 номинация бойынша өтті. 

ПМУ студенті Ж.Жұмаділова «Сирек музыкалық аспаптар» номинациясы бойынша І дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды. 

Конкурстан алған әсері туралы Жұлдыз:

- Алтай өлкесінде дәстүрлі мәдениетті сақтау, ұлттық сана-сезім негіздерін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу бойынша үлкен жұмыс жасалуда. Мен осындай үлкен ауқымдағы конкурсқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Ең алдымен, осы конкурсқа қатысуыма жағдай жасаған университетіміздің ректоры Арын Өрсариев пен «Орындаушылық өнер» кафедрасының меңгерушісі Данияр Мерғалиевке зор ризашылығымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, мені аталмыш конкурсқа дайындаған кафедраның аға оқытушысы Ырысгүл Сабековаға да айтар алғысым шексіз, - деді.