С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жас ғалымдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің Мемлекеттік ғылым стипендиясымен марапатталды.

Конкурстық комиссия шешімімен С.Торайғыров атындағы ПМУ-дың 3 жас ғалымына Мемлекеттік стипендия табысталды. Атап айтқанда, олар: Жанар Берікқызы Әбілдинова – филология ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы;  Айнагүл Балғауқызы Қалиева – биология ғылымдарының кандидаты, химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің «Биология және экология» кафедрасының профессоры; Евгений Валентинович Приходько – техника ғылымдарының кандидаты, энергетика факультетінің «Жылуэнергетикасы» кафедрасының профессоры.

Жеңімпаз жас ғалымдар іріктеу конкурсынан сәтті өтіп, отандық білім мен ғылымға қосқан үлестерін дәлелдеп шықты. Олардың ғылыми жетістіктері жоғары бағасын алып, әртүрлі салаларда практика жүзінде қолданысқа енді. Сонымен қатар бұл оқытушылар қоғамдық және жоо-ның ғылыми-ізденіс қызметіне де белсенді қатысып келеді.   

«Стипендия ұтып алғаныма өте қуаныштымын. Бұл сыйақы өзім әзірлеген тақырып бойынша ғылыми жұмысымды нығайту үшін пайдалы боларына сенемін. Ал, жас ғалымдарға айтарым «Әркімнің болашағы өз қолында. Ерінбей еңбек еткеннің алдынан бақыт пен табыс шығады»  дегім келеді» - деді Евгений Валентинович Приходько.