С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қызметкерлері Швециядағы Лунда университетінде тағылымдамадан өтті.

Шетелдік тағылымдамаға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дың металлургия, химия және химиялық технологиялар, машина жасау және стандарттау, кәсіптік оқыту және қоршаған ортаны қорғау кафедраларының ғалымдары және ЖОО-ның ғылыми қызметкерлері барды.     

Тағылымдаманың мақсаты – Лунда университетінің инженерлік кадрлар мен магистрантарды даярлаудың оқу бағдарламасымен, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметімен, ИИД МБ аясында білім беру бағдарламасын іске асырумен танысу.   

Лунда университеті Солтүстік Еуропадағы индустриялық-инновациялық даму бағытына маманданған жетекші жоғары оқу орны болып табылады.

С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Лунда университеті арасында әріптестік қарым-қатынас орнаған. Әріптестік байланыс индустрияландыру бағытында дамып келеді.  

С. Торайғыров атындағы ПМУ делегациясы Лунда қаласының мэрі Lennart Prytz қабылдауында болды. Кездесуде ғылыми-инновациялық орталықтар құру қаланы дамытудың стратегиялық бағыты туралы мәселені талқылады. Сонымен қатар, Павлодар мемлекеттік университетінің делегациясы университеттің жаратылыстану, инжиниринг, сапа және бағалау, химия, материалтану факультеттері мен департаменттері және IDEON бизнес-инкубаторында семинарға қатысты. 

Лунда университеті тарапынан ИИД МБ әкімшісі болып «Болашақ» бағдарламасының түлегі, профессор ассистенті Кәмшат Түсіпова болды.