С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттеріне А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Валерий Ефремов дәріс оқыды.

Валерий Ефремов – тіл мәдениеті және лексикология, гендірлі лингвистика, когнитивті лингвистика, юрислингвистика  саласының білікті маманы. Оның сөйлеу мәдениеті, гендерлі және когнитивті лингвистика саласындағы зерттеулерге арналған 130-дан аса еңбектері бар. Ол «Орыс тілі және сөйлеу мәдениеті» оқулығы, жаттығулар жинағы, ЖОО және колледждерге арналған оқулықтары авторларының бірі,  «Риторика» еңбегінің, «Гендерлік лингвистиканың негізі» оқу-әдістемелік құралының авторы.   

Сонымен қатар, ресейлік дәріскер 2005 жылдан бері Рсейдің Санкт Петербор радиосынан сөйлеу мәдениеті, орыс тілінің тарихы мен заманауи хал-ахуалын баяндап беретін «Орысшасы қалай?» мәдени-танымдық бағдарламасын шығарып келеді.  

Валерий Ефремев «Орыс филологиясы» кафедрасының студенттері мен магистранттарына «Мәтіннің филологиялық сараптамасы» дәрістер курсын оқыды. Тыңдаушылар орыс әдебиеті, әдебиеттану және орыс тілі бойынша дәрістер курсын толық игерді. 

Дәріскердің айтуынша, екі жоғары мектеп арасындағы өзара ынтымақтастық жыл өткен сайын нығайып келеді. 

– Әсіресе, екі оқу орданың ғылыми ынтымақтастығын дамыту мақсатында жұмыстар жасала бермек. Авторефераттарға, ғылыми мақалаларға рецензиялар мен пікірлер беру, сондай-ақ, жоғары оқу орындар арасындағы студенттер мен магистранттардың тағлымдамадан өтуіне арналаған бағдарламаларды жүзеге асырылатын болады. Біз  қашанда Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдарымен Ресейде, Қазақстанда өтетін ғылыми конференцияларда бас қосып, ғылыми мәселелерді шешуге бірге атсалысатын боламыз, – деді ресейлік ғалым.