С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде оқу орданың 55 жылдық мерейтойы құрметіне арналған мерекелік концерт өтті.

Мерекені С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариев ашып, Павлодар мемлекеттік университетінің мерейтойымен профессорлық-оқытушылар құрамын, қызметкерлер мен білім алушыларды құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді.

– Жыр сұлтаны, Алаштың ардақты ұлы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ұлы есімін иеленген біздің университетіміз өзінің қалыптасу жылдарында еліміздің өркендеуіне, білім мен ғылымның дамуына қажетті барлық игі бастамаларды әрдайым қолдап, оның дамуына зор үлес қосты. Жыл өткен сайын өсу, өркендеу үстінде. Оған қол жеткізу үшін университет ұжымы бір кісідей жұмыла еңбек етті. Бұл баға жетпес жетістік – Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі деп білемін, – деді Арын Амангелдіұлы.

Арын Өрсариев оқу ордамыздың аймақтағы ірі ғылым орталығы болуына еңбегі сіңген ғылым-білім қайраткерлері мен қызметкерлерді және студенттерді С. Торайғыров атындағы алтын медальмен, құрмет граматолары мен алғыс хаттармен марапаттады.

Мерекенің құрметті қонақтары ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асхат Күзеков, ҚР Мәдениет және спорт министрлінің кеңесшісі Ғарифолла Есім, Новосібір мемлекеттік техникалық университеттің профессоры, техн.ғ.д. Владимир Ларичкин, PhD доктор, Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов, «Siemens» кәсіпорнының өкілі Денис Набиулин, ПМХЗ ЖШС қызметкерлер және әлеуметтік сауалдар бойынша директоры Алтын Имантаева, Павлодар қаласының №3 гимназия мектебінің директоры Жомарт Қарамбаев және т.б. университеттің серіктестері С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 55 жылдық мерейтойымен құттықтап, университеттің профессорлық-құрамы мен білім алушыларға лебіздерін арнады.

Мұнымен қоса, университетті мерейтойымен құттықтап, оқу орданың облыстық іс-шараларға белсенді атсалысқан үздіктерді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ғани Садибеков, «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айзада Құрманова, Павлодар облысы маслихатының депутаты Идият Абдыкалыков, Павлодар облысы жастар саясаты жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедова марапаттады.

Сондай-ақ, «Siemens» копаниясының өкілі Денис Набиулин Павлодар мемлекеттік университетіне мерекелік сыйлық ретінде зертханалық құрал-жабдықтарға сертификат табыс етті.

Бүгінгі сахнадағы әсем әуен, әуезді күй, мың бұралған бишіліердің биі мен ақындардың арнау-жырлары да өңіріміздегі білімнің қара шаңырағының 55 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.