С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Springer Қазақстан компаниясының лицензияланған менеджері Ирина Александрова «Шетелдік импакт-факторы бар рейтингтік басылымдарға мақаланы жариялау жолдары» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Семинар белгілі заманауи ақпарттық қорлары мен Springer компаниясының электрондық қорларын белсенді қолданушылар санын арттыру мақсатын тұтты.

Springer компаниясының ашық қолжетімді журналдарымен (Open access journals) қоса жалпы саны 3049 журналдары бар. Олардың ішінде Thomson Reuters (Journal Citation Reports ) индексіне енгізіліп, импакт-факторлары бар 1601 басылымы, ал Thomson Reuters қатарына ену жұмыстары талқыланып жатқан 65 журналы, Scopus индексіне тіркелген 2247 басылымдарын атап өтуге болады.

Семинарда Ирина Александрова бүгінгі күні ғылыми ортадағы өзекті мәселердің бірі – рейтингтік басылымдарда ғылыми мақалаларын жариялау мәселесін қозғады. Дәріскер семинар жұмысына қатысушыларға Springer баспасының журналдары мен мақалаларына толық мәтіндік қолжетімділік туралы ақпартпен бөлісті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ математика және информатика кафедрасның профессоры, п.ғ.д. Мейрам Исиннің айтуынша, семинардың тақырыбы университет үшін өте маңызды әрі өзекті болды. «Springer компаниясының жан-жақты әрі білімді өкілі электрондық қорлардың барлық мүмкіндіктері туралы ақпаратты бізге барынша қарапайым да сауатты жеткізді. Бұл ақпараттар біздің ғалымдар үшін міндетті түрде пайдаға жарайды деп ойлаймын», – деді Мейрам Естайұлы.

Мұнымен қоса, Springer компаниясының маманы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына, докторанттарына, магистранттары мен студенттеріне ғылыми журналдарды қалай дұрыс таңдау, сапалы мақаланы дайындау, импакт-факторы бар журналдарда мақалаларды жариялау және Springer компаниясының қорына қолжетімділік турасында баяндап берді.

«Электр энергетикасы» кафедрасының докторанты Айбек Акаев: «Бұл семинар импакт-факторы бар рейтингтік журналдарға ғылыми мақалаларды дайындау туралы көп ақпарат алдым. Мәселен, әлемдік деңгейдегі ғалымдардың жарияланымдарымен танысып, болашақта өз мақалаларында әркімнің ғылыми бағыты бойынша дәйексөз ретінде келтірудің маңыздылығы мен қажетті екенін түсіндім», – деді доктарант.

Семинар барысында қатысушылар компьютерлік сыныпта тәжірибелік сабақ алды. Шара соңында тәжірибеден өткен қатысушыларға сертификат табыс етілді. Ал семинар жұмысына кейін тіркелген қатысушылар қашықтықтан тапсырманы орындауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, оларға Springer компаниясының арнайы сертификаттары электрондық пошта арқылы табысталады.