С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттерінен құралған парашютистер командасы құрылды.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры қолдауымен парашютистер командасы құрылған болатын. Команда мүшелері парашютпен алғаш рет ұшақтан секріп те үлгерді. Алғашқы қадамдары сәтті болды. 800 метр биіктіктен секірген команда мүшелері келесі жолы одан да жоғары биіктіктен секіруді жоспарлап отыр.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Сұңқар» спорт клубы директоры Ж. Аблеев: «С.Торайғыров атындағы ПМУ өңірімізде тек ғылым мен білім саласында ғана емес, сонымен қатар спортта да өзіндік алатын орны бар. Спорт саласында студенттеріміз бағындырған белестер аз емес. Сондықтан парашюттік спорт түрінде де жастарымыз жасындай жарқылдайды деп ойлаймын».

Қашанда салаутты өмір салтын берік ұстанатын студенттер үшін құрылған бұл команда олардың өздерін жаңа қырларынан танытудың бір жолы.

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті Руслан Мералиев: «Университетіміздің жетістігі қашанда тіршіліктің тірегі, көңілдің көрмесі, өмірдің өзегі болып табылады. Одан басқа студент үшін асқан құндылық жоқ. Ендеше осындай жаңалықтың жаршысы болып, қолдау көрсеткен С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университінің ректоры Арын Амангелдіұлына алғысымыз шексіз», - деп өз ойын білдірді.

Руфина Торпищеваның фотосы