С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері «Менің сүйікті университетім» атты акциясын өткізді.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері қаламыздың жағажайында «Менің сүйікті университетім» атты акциясын өткізді. Акцияны өткізу мақсаты – қала тұрғындарына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін насихаттау және жастарды салауатты өмір салтына үндеу.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің студенттік филармониясының ұйымдастыруымен өткен бұл акцияға университеттің көптеген студенттері қатысты. Акция барысында университеттің «Джем» және «ПМУ DIAMOND» би топтары жиналған көпшілікті би өнерімен тамсандырды. Жағалауда серуендеп жүрген жұртшылықты өнерімен өздеріне қаратқан студенттер жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

Сонымен қатар, студенттеріміз ролик киіп, қала тұрғындарына университет жайлы ақпарат беретін буклеттер таратты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттік филармониясының директоры Айнұр Әзімханның мәлімдеуінше, бүгінгі кеште студенттер акцияның негізгі мақсатын жақсы түсініп, шараның айтар ойын көпшілікке тартымды қылып жеткізе білді. «Туған университетімізге деген құрметімізді білдірген бұл шарамызды тамашалауға қалың жұртшылық жиналып, университетіміз жайлы көп ақпарат алып қайтты. Студенттеріміз бойындағы қабілеттерімен, спорт пен өнерімен оқу ордасының мәртебесін асқақтата түсті», – деді Айнұр Әзімханқызы.

Науқанға қатысқан С. Торайғыров атындағы ПМУ журналистика кафедрасының студенті Назгүл Рабилованың айтуынша, өзі білім алып жүрген Павлодар мемлекеттік университеті оның өміріндегі талай белестерді бағындыруға, білікті маман болуына барынша жағдай жасап келеді. «Менің сүйікті университетім» науқанына қатысып, өзімінің білім алып жүрген оқу ордам туралы көпшілікпен бөлісіп, университетімінң мәртебесін көтеруге атасалысқаныма мақатанамын», – деп қуанышымен бөлісті Назгүл.