С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 55 жылдық мерейтойы құрметіне студенттер мен оқытушылар велосипедпен Павлодар қаласы көшелерімен жүріп өтті.

Веложүріске С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері мен оқытушылары, университет ардагерлері, әуесқой спортшылар қатысты. Вело жүргіншілер жүрісін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғимаратынан бастап, Шөкин көшесімен өзен бекетіне дейін жетіп, қайта Павлодар мемлекеттік университетіне дейінгі 5 шақырым жолды бағындырды.

Мәреге жеткен оқытушылар мен студенттер бір-бірін С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 55 жылдығымен құттықтап, қала тұрғындары арасында спорттық мәдениетті қалыптастыратын әрбір спорттық шараға қатысудың маңыздылығын атап өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ «Сұңқар» спорттық кешенінің директоры Жаудат Аблеев спорттық шара қатысушыларын құттықтап, веложүріске белсене атсалысқандары үшін студенттерге, ұстаздар қауымына алғыс айтты. «Веложүрісімізді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 55 жылдығына арнап отырмыз. Бұл қадам – оқу ордамыздың оқытушылары мен студенттері салауатты өмір салтын ұстанып қайна қоймай, барынша жастар арасында насихаттаудың айғағы екенін көрсетеді», – деп атап өтті Жаудат Шамильевич.

Павлодар мемлекеттік университетінің студенті Мақсат Қапаев өз сөзінде бұл спорттық шараға қатысу арқылы өзінің сүйікті университетімен бірге екенін жеткізді. «Ауаның тазалығы үшін де, денсаулығымның мықты болуы үшін де өз басым велосипедпен жүргенді дұрыс санаймын. Ал бүгінгі мерекелік шараға университетімнің мәртебесін асқақтатуға атсалысқаным деп есептеймін», – деді Мақсат.