Шетелде білім алып жүрген қазақстандық студенттердің «КазАльянс» бірлестігі кеңсесінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Өрсариевпен кездесу өтті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевпен кездесу студенттерді университеттің ғылым-білім саласындағы ынтымақтастық және оқу орданың бүгінгі беталысы туралы ақпаратқа қанықтыру мақсатын көздеді. Бұл шараға шетелдегі қазақстандық студенттердің «КазАльянс» бірлестігі мұрындық болды. Кездесу барысында Арын Амангелдіұлы С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің бүгінгі жетістіктері мен табыстары, жоспарлары турасында әңгіме өрбітті. Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры кездесуге қатысушылардың университетпен бірлескен оқу бағдарламаларын, тағылымдамалар мен тәжірибелерді қалайша жүзеге асыру қажеттігін және белгілі профессорлар мен оқытушыларды ашық дәрістерге шақырту бағдарламалары туралы сауалдарына жауап берді.

Сондай-ақ, бұл кездесуде Павлодар мемлекеттік университеті мен «КазАльянс» бірлестігі арасындағы жүзеге асатын келешектегі жұмыстардың барысы туралы талқыланды. «КазАльянс» С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің үздік екі студентін шетелдік жоғары оқу орындарының бірінде білім алуын қаржыландыру туралы ұсыныс білдірді. Өз кезегінде С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры «КазАльянс» бірлестігінің мүшелеріне үдемелі индустриалдық-инновациалық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасуына қашанда қол ұшын беруге дайын екенін жеткізді. Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры мен «КазАльянс» Президенті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, екі жақтық келісімдерін ресми бекітті.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Арын Өрсариевтің айтуынша бұл кездесу барысында еуропалық білім беру саласындағы соңғы жаңалықтарды студенттердің өз аузынан естіп-біліп, шетелдегі студенттер туралы ақпаратқа қанық болған. «Қол жеткізген келісім-шарттар мен қол қойылған меморандумнан бөлек бұл кездесудің өзінен университеттің келешектегі дамуына көптеген идеялар пайда болуы және тәжірибелік байланыстар орнатудың өзі мен үшін зор жетістік болды», – деді Арын Амангелдіұлы.

«КазАльянс» Президенті Рашид Аюповтың айтуынша мұндай кездесулер Қазақстанның басқа да ірі оқу мекемелерінің басшылығымен тұрақты түрде өткізілу жоспарланып жатқанын айтты. «Мұндай кездесулер қазақстандық жоғары мектептерінде біріңғай әлемдік оқу кеңістігінің ықпалдастығын тездетеді деп есептеймін. Ал өз кезегінде «КазАльянс» университеттің жан-жақты дамуына, білім берудің инновациялық әдістемелерін енгізуге, дипломдарды мойындау және серіктес ЖОО санын арттыруға өз септігін тигізеді», – дейді бірлестік басшысы.