С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері «Халықаралық ұйымдар және мәдени ынтымақтастық» көктемгі шығармашылық мектебі әрі көппәндік тағылымдамадан өтті.

Тағылымдаманың нәтижесі бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ есептеу техникасы және бағдарламалау кафедрасының 2 курс студенті Илья Царегородцев FIDJIP-EUROTALENT-CONCORDE халықаралық қозғалысының ұйымдастыруымен өткен дарынды балалар мен жастарға арналған шығармашылық және ғылыми жұмыстар байқауының лауреаты атанды. Сондай-ақ Ильяға тағылымдамадан өтуі туралы сертификат табысталды.

Халықаралық тағыламдамаға Павлодар мемлекеттік университетінің математика және информатика кафедарсының профессоры, п.ғ.д. Василий Криворучко, п.ғ.к., география және туризм кафедрасының доценті Динара Есімова және г.ғ.к., профессор Антонина Царегородцева қатысты. Тағылымдама барысында олар Франция мемлекетінің бірнеше үздік университеттеріне іс-сапармен барды. Мұнымен қоса, Bulletin d'EUROTALENT-FIDJIP халықаралық журналында аталмыш көктемгі ғылыми конференцияның мақалаларын жарияланды. Осы тағлымдаманың шеңберінде Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінің де осы басылымға ғылыми мақалалары жарыққа шықты. Және мақалалар ресейлік ғылыми цитаталар индексі базасына енгізілді.

Сонымен қатар, сапар барысында Павлодар мемлекеттік университеті студенттері, магистранттары мен оқытушыларын Батыс Еуропа елдеріне ғылыми тағылымдамаға жіберу әрі олардың Еуропа одағы елдеріндегі тәжірибелік сапарын жеңілдету мақсатында бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Онда С. Торайғыров атындағы ПМУ география және туризм кафедрасы мен халықаралық FIDJIP федерациясымен және федерация құрамына кіретін EUROTIOM, Mer et Nature, VBI, China Ken, Autocar AJM, EUROPASIA, France-Kazakhstan туристік ассоциациялары және фирмалары арсындағы өзара ынтымақтастық та қарастырылды. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті мен CONCORDE Халықаралық академиясы арасында ынтымақтастық жайында келісім-шартқа қол қойылды.

Тәжірибе қорытындысы бойынша С. Торайғыров атындағы ПМУ оқытушылары оқу құралдарын шығарды. Оларға сертификаттар табысталып, CONCORDE Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі атанды.