С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Этноконфессиялық үдерістер және қазіргі уақыттағы жаңа діни қозғалыстар» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өтті.

Семинардың мақсаты: жаңа діни қозғалыстардың әрекетінің жандандыру жағдайында қазіргі этноконфессиялық үдерістермен байланысты өзекті сұрақтарды талқылау және талдау.

Шараға С. Торайғыров атындағы ПМУ этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы мұрындық болды.

Семинар жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, шетелдік жоғары оқу орындардың ғалымдары, магистранттары, студенттері мен С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер, студенттік құрылымдардың мүшелері қатысты.

Семинардың жұмысына даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д. Арман Ақышев, Павлодар облысы дін істері басқарамасының басшысы Дәулет Закарьянов, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Сейсембай Жетпісбаев, т.ғ.д., профессор, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың басшысы Сәуле Мамытова қатысты. Өз сөзінде С. Торайғыров атындағы ПМУ тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Арман Ақышев бүгінгі қоғамдағы жаңа діни қозғалыстардың мәселелері турасында жастардың мейілінше ақпараттануы қажет екендігін атап өтті. «Студенттік жастар бүгінгі діни ахуалдан хабардар болып, діни сауатсыздықтың салдарын нақты түсіненгені абзал. Өйткені шынайы ақпаратқа қанық адам өзін, қоғамды арбаушылардан қорғай алады», – деді Арман Айтмұхаметұлы.

Онлайн-тәртіпте шетелдік ЖОО ғалымдары с.ғ.д., Әулие Климент Орхид атындағы София университетінің профессоры, «Көкше» академиясының Бейбітшілік, шиеленіс және медиация институтының басшысы, т.ғ.к., доцент, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңестің мүшесі Татьяна Дронзина, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының меңгерушісі Людмила Дрёмова, мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, Новосібір мемлекеттік педагогикалық университеті теория, мәдениет тарихы және мұражай кафедрасының доценті Елена Тихомирова баяндамаларын оқыды.

Семинар қатысушыларының алдында филос.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Майра Қожамжарова, с.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Мейрамгүл Алтыбасарова, с.ғ.к., философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті Ильдар Калиев, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығының директоры Нұржамал Тышқанова және гуманитарлық-педагогикалық факультеттің Жур-202 тобының студенті, «Бірлік» студенттік Ассамблеясының төрағасы Рамиль Смаилов қазіргі уақыттағы діни қозғалыстардың өзекті мәселелеріне тоқталды.

Руфина Торпищеваның фотосы