С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Таза қала» науқаны аясында жоғары оқу орнының аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында сенбілік өтті.

Сенбілікке С.Торайғыров атындағы ПМУ басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы, құрылымдық бөлімдердің қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысты.

Бұл тазалық науқаны Павлодар мемлекеттік университетінде алғаш өтіп жатқан жоқ. Студенттердің қоршаған ортаға деген құрметін қалыптастыру мақсатын тұтқан мұндай шаралар жақсы дәстүрге айналған. Университет ұжымы қатысқан сенбілік арқылы қалада осындай игі істер дәстүрі өз жалғасын табуда.

С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің оқытушылары, қызметкерлері және студенттерінің жалпы пікірі бойынша университет ауласын тазалау білім ордасының өркендеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар тазалық әрқашанда адамның көңіл-күйіне, жан дүниесіне де жақсылық сыйлайтыны белгілі. Сол себепті де ПМУ оқытушылары мен қызметкерлері сенбілікке білек сыбана кірісіп кетті. Сенбілік барысында университет ауласы қоқыстан тазартылып, ағаштар отырғызылды, аула ағаштары ақталды.

«Бүгінгі әлемді жайлаған проблема қоршаған ортаға деген адамдардың қарым-қатынасының жоқтығынан, жаман әдеттің айнала үшін қаншалықты қауіпті екенін түсінбегеннен өршіп тұр. Табиғатқа жеке қоқыс жәшігі ретінде қарауға болмайды», – дейді химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің студенті Юлия Тарасова.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен қызметкерлері оқу орданың 9,5 га аймағынан 2000 қап күл-қоқыс шығарыды.