С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері «Ғашық болудың жеті себебі» атты мерекелік шоу-бағдарлама өткізді.

Студенттер Қозы Көрпеш-Баян сұлу күніне орайластырылған «Ғашықтар күні» мейрамын осылайша атап өтті.

Ұйымдастырушылардың ұйғарымымен жеті бойжеткен ару Баткульдин Әл-Фарабидің жүрегін жаулап алуы үшін сынға түсті. Сайысқа түскен арулардың бәрі де сүйкімді, сұлу әрі дарынды бойжеткендер екенін айта кеткен жөн. Олардың әрқайсысы осы сайыста жеңіп шығулары үшін бар күш-жігерін жұмсап, өздерін сан қырынан танытуға тырысты.

Шоу жеті кезеңнен тұрды. Әр кезеңде өзін жақсы таныта алмаған ару айналымнан шығып отырды. Шоудың соңына дейін бозбала қатысушы арулардың жүзін көрмеді және оларды қандай ән тындайтынына, киімі мен сөмкесіндегі заттарға қарап таңдаған болатын. Сонымен қатар Әл-Фараби қыздардың ас пісіру және медициналық қабілеттерін де ескерді. Содан соң «Сүйікті look» және «Махаббаттың көзсіз биі» атты кезеңдер болды.

Сайыс қорытындысының нәтижесінде Баткульдин Әл-Фарабидің жүрегін Физ-202 тобының ІІ курс студенті Анна Жиденко есімді ару жаулап алды. Оларға киноға баруға екі билет табысталды.

Руфина Торпищеваның фотосы