С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің шаңғы базасында студенттер, профессорлық-оқытушылар құрамы мен жоғары оқу орын қызметкерлері арасында спорт ардагері Михаил Воркуновтың құрметіне «Денсаулық күні» шарасы өтті.

М.Воркунов еңбек жолын 1975 жылы Павлодар индустриялды институты (қазіргі С.Торайғыров атындағы ПМУ) дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы ретінде бастады. Ол Павлодардың мемлекеттік университетінде қырық жылға жуық қызмет етіп, оқытушылықтан кафедра меңгерушілігіне дейін қызмет атқарған.

Педогогикалық қызмет жолында ол шаңғышы спортшыларды дайындады. Спортқа деген адалдығын бағалап, «Дене тәрбиесі мен спорт дамуына ерен еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталады. Дарынды ұйымдастырушы және ұлағатты ұстаз Михаил Воркунов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің шежіресінде мәңгі қалады. Шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ "Сұңқар" спорттық клубы мен жоғары оқу орнының студенттік кәсіподақ ұйымы мұрындық болды. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Сұңқар» спорт кешенінің директоры Жаудат Аблеев мұндай шаралардың жастардың денсаулығы үшін өте пайдалы екенін айта келіп: «Бүгінгі таңда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салауатты өмір салтын халық арасында кеңінен насихаттауды тапсырып отыр. Себебі дені сау ұрпақ қана Қазақ елінің болашағын бекемдей түспек. Сол себептен де университетімзде өткізіліп жатқан бұл шара да осындай игі мақсаттан туындап отыр. Сонымен қатар келешекте халықаралық олимпиадалар мен сайыстарға қатысатын мықты спортшыларды тәрбиелеуді мұрат етіп отырмыз»,- деді ол.

Дарынды спортшының құрметіне өткізілген «Денсаулық күні» ұжым қызметкерлерінің денсаулығын нығайту және дене шынықтыру мен спортпен жүйелi шұғылдануға деген мұқтаждықты орындау әрі салауатты өмiр салтын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

«Денсаулық күніне» қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің спорттық шеберлігін көрсетті. Шара барысында студенттер арасында шаңғы жарысы өтті.

Жарыстың нәтижелері бойынша бірінші кезеңінде ПМУ студенттері, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Жарыстың екінші кезеңі ПМУ-дың оқытушылар мен қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Спорт ардагерлері де қалыс қалмай, 2 шақырым арақашықтықтағы эстафетаға қатысты. Барлық жеңімпаздар марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.