Құрметті Серік Мәуленұлы!

Үш жыл бұрын Сіз мемлекетіміздегі көп салалы университеттердің бірін басқаруға алдыңыз. Осы үш жыл ішінде Сіз оқу үдерісінің тиімділігіне, университетіміздің материалдық-техникалық базасының нығаюына, жоғары сапалы мамандарды дайындауға көп үлес қостыңыз.

Осы күні Сізді шын жүректен туған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге осындай жауапты лауазымда үлкен қайраттылық, күш және шексіз төзімділік тілейміз! Сіз басқарып отырған университеттен тек қана жоғары сапалы мамандар шыға берсін.

Сіздің өміріңізде көп тартымды оқиғалар, қызықты кездесулер, дұрыс шешімдер бола берсін! Денсаулығыңыз мықты болып, әрдайым еңбегіңіз жемісті және тиімді болсын! Сізге және отбасыңызға зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаменті