2014 жылдың 18 желтоқсанында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жастар ортасында діни сауаттылықты жетілдіру және діни экстримизмнің идеологиясына қарсы әрекет мәселелерін көтерген семинар-кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Шараға С.Торайғыров атындағы ПМУ этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мұрындық болды.

Бұл іс-шара деканат, құрылымдық бөлімше қызметкерлеріне, факультеттердің ақпараттық-ағартушылық топтардың, студенттік ұйымдардың мүшелеріне жастар ортасына деструктивтік бағыттағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдар идеологиясының енуіне қарсы әрекет және лаңкестікке қарсы негіздерді түсіндіру мәселесі бойынша ақпараттық-кеңестік қызмет, әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізіледі.

Семинар жұмысына факультет декандары, декандардың орынбасарлары, кафедралардың меңгерушілері, эдвайзерлер, магистранттар мен студенттер, діни сауаттылықты жетілдіру бойынша ақпараттық-ағартушылық топтардың мүшелері, студенттік өзін-өзу басқару жастар ұйымдарының басшылары және мүшелері, сондай-ақ, Павлодар облысы дін істері басқармасы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Зайда Асанбаева, теолог, исламтанушы, Павлодар қаласы «Ақ мешіт» мешітінің имамы Жолдас Бертымұратов қатысты.

Іс-шараның бағдарламасында онлайн-тәртіпте Ақтөбе облысы Дін істері басқармасы «Аңсар» орталығының теологтарымен тағылымды әңгіме орнады. Семинарға қатысушылар назарына теолог Асқар Сабдиннің «Қоран және қазіргі кезеңдегі ханафиттік мазхаб мектебінің шариғат негіздері» және теолог Төлеген Талдыбаевтың «Деструктивтік бағыттағы дәстүрлі емес мұсылмандық ағымдардың идеологтарының тарту түрлері мен әдістері және жастар аудиториясымен жұмыс жасау ерекшелігі» тақырыбын арқау еткен кеңестері ұсынылды.

Және де, қатысушыларға жастар ортасында діни экстремизмді насихаттауға қарсылықтың қазіргі түрлері мен әдістері туралы және радикалды идеологияның ықпалына түскен әдептермен жеке жұмыстың ерекшелігі туралы теологтардың кеңестері берілді.

Павлодар облысы Ішкі істер департаменті экстремимзге қарсы күрес бөлімі басшысының м.а. Жанат Слямов жиналғандарға діни экстремизмнің идеологиясына қарсы әрекет мәселесінде ҚР заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер мен толықтырулармен таныстырды.

Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО директоры Нұржамал Тышканованың өз сөзінде Қазақстан Республикасындағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында белгіленген міндеттер контекстінде ақпараттық-ағартушылық жұмыстардың ерекшелігі туралы ақпарт берді.

Бағдарлама бойынша, Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің АҒПО мамандары қазақ, орыс тілдерінде дайындаған «Білу қажет» атты ақпартты бүктемелері студенттерге таратылды. Бүктемені дайындаған орталық маманы Айнаш Шаймерден және С. Торайғыров атындағы ПМУ гуманитарлық-педагогикалық факультет студенті Әділет Мейірманов. Бұл жұмысты көпшілік назарына Әділет Мейірманов таныстырып, таратты.

Семинар барысында «Білім+» жобасы бойынша материалдар жинағының тұсауы кесілді. Павлодар облысы дін істері басқармасының басшысы атынан «Білім+» ақпарттық-ағартушылық жобасын жүзеге асыруына, діни сауаттылықты жетілдіру мәселелеріне жан-жақты көңіл бөліп, жастардың діни санасын, рухани бағдарларын қалыптастыруға үлес қосқаны үшін С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаевқа алғыс хат табыс етті. Ал шара соңында «Білім+» жобасын жүзеге асыруға атсалысқан белсенділер марапатталды.

Семинар-кеңес жұмысы жастар ортасына діни экстремизм мен лаңкестік идеологиясының енуіне қарсы әрекет бойынша жұмысты жетілдіруге, студенттердің діни ақпараттылық дәрежесін арттыруға бағытталған ұсыныстарды дайындаумен қортыланды.