С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушысы Алибек Жакупов Қазақстан студенттері, магистранттары, докторанттары мен жас ғалымдары арасындағы «Парасатты жас ғалым» байқауының лауреаты атанды.

«Парасатты жас ғалым» байқауының қорытындысы бойынша лауреат атанған Алибек Жакупов – С.Торайғыров атындағы ПМУ металлургия, машинажасау және көлік факультетінің «Металлургия» кафедрасының аға оқытушысы.

«Парасатты жас ғалым» байқауына «Ұлттық ғылыми-технологиялық холдинг «Парасат» АҚ мұрындық болды.

Байқау Қазақстанның студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар арасында зерттеу және инновациялық қызметті көпшілікке тарату мен ынталандыру, сонымен қатар, келешекке аранлған зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, ғылыммен айналысатын дарынды жастарды анықтау және қолдау мақсатын тұтты.

Байқауға 35 жасқа дейінгі студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдар қатысты. Аталмыш байқауға қатысушы әрбір жас ғалым жас ғалымдардың кәсіби дағдыларын кеңейтетіп, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеге ие болды.

Алибек Жакупов техника ғылымдарының магистрі. 2014 жылы к.т.н., доцент А.В.Богомоловтың жетекшілігмен «Металлургия» мамандығы бойынша магистрлік диссертациялық жұмысын қорғады. Оның «Құбырларды суыту әдісі», «Сұрыпты прокатты фасонды пішіндердің реттемелі суыту әдістері» және «Суарудың үстірт әдісі мен оны жүзеге асыруға арналған құрылғы» жұмыстары патенттелген.

«Байқауға қатысқан қазақстандық жоғары оқу орындары жас ғалымдарының жұмыстары арасынан үздік алты жобалар іріктеліп алынды. Сол үздік жұмыстар қатарынан менің де жұмысым көрінгеніне мен қуаныштымын. Мен байқауға к.т.н., қауымдастырылған профессор О.Т.Ыбраеваның жетекшілігімен жүзеге асқан «Металлургиялық өңдеу үшін құрамында темір-көмірітек бар кешенді материалдарды алумен жоғары ылғалды, темірлі шламды өңдеу технологиясы» жобамды ұсындым. Өйткені, бүгінгі күні металлургиялық материалдарды жасау көптеген ресурстарды үнемдеуге және пайдалы металл шығымының пайызын арттыруға мүмкіндік береді. «Парасатты жас ғалым» сынды байқаулар жас ғалымдарды жемісті еңбек етуге ынталандырады. Менің бұл табысым менің ғана емес, С.Торайғыров атындағы ПМУ жетістігі деп білемін», - деді «Парасатты жас ғалым» байқауының лауреаты Алибек Жакупов.

2014 жылдың 12 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Холдинг» конференция залында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді деп көзделуде.