С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің жас ғалымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияларының иегерлері атанды.

Мемлекеттік ғылыми стипендия иегерлері: С.Торайғыров атындағы ПМУ энергетикалық факультеттің «Электроэнергетика» кафедрасының докторанты Бауыржан Машрапов және бизнес және құқық факультетінің «Экономика» кафедрасының доценті, э.ғ.к. Сәуле Рахимова.

Атаулы мелекеттік стипендиялар ғылыми проблемаларды шешу бойынша зерттеулер жасауға белсене қатысатын және ғылыми қоғамдастық мойындаған отыз бес жасқа дейінгі дарынды жас ғалымдарға беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік стипендия ғылым мен техниканы дамытуға үлес қосқан ғалымдардың, ғылыми ұйымдардың ғылыми қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру мақсатында ұсынылады.

Ғылыми стипендияларға мемлекет үшін басым бағыттарда іргелі немесе қолданбалы зерттеулерді жүргізуге, ғылыми кадрларды даярлауға белсене қатысатын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің еңбектері сарапқа салынады.

Ғылыми стипендия иегері атанған жас ғалым Бауыржан Машрапов бүгінгі жетістігіне ғылыми жетекшісі Марк Клецельдің еңбегінің үлесі бар деп санайды.

– Марк Клецель жетекшілігінде бірнеше жыл бойы қызмет еттім. Ол кісінің жетекшілігімен 25 еңбегімді жарияланды. Сондықтан Марк Яковлевұлына ризашылығым шексіз. Мен үшін бұл жас ғалымдарға арналған стипендия ғылыммен айналысуыма ынта-жігер сыйлады, - деді Бауыржан Ерболұлы.

Мемлекеттік стипендия иегері Сәуле Рахимова өзінің бұл жеңісін талмай еңбек етудің арқасындла деп біледі.

– Мен жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері атанғаныма қуаныштымын. Аталмыш стипендияға бірнеше рет өтініш білдірдім. Жыл сайын қатысып, дайындалып, еңбектеніп, талынып, өз ғылыми жұмыстарымның талабын арттырып отырғанның нәтижесінде биыл ғана еңбегімнгің жемісін көрудемін. Бүгінгі күні мен Павлодар облысы жас ғалымдары одағының төрағасы бола жүріп, жастарды ғылыммен айналысуға шақырамын. Ғылыммен айналысамын деген жас ғалымдардың жігері таймаса екен деймін, - деп қуанышымен бөлісті Сәуле Абайбекқызы.