2014 жылдың 28 қарашасында «Foundation» факультеті қазақ ұлт өкілдеріне арналған даярлық бөлімінің тыңдаушыларына көші-қон полиция басқармасымен жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс визаларды рәсімдеу және ұзарту, ҚР аумағындағы тіркелуді жүргізу шарттарына қатысты өтті.

Жиналысқа Павлодар облысы Ішкі Істер департаментінің көші-қон полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Гүлстан Манапқызы Батталова және университеттің халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ақмарал Қанатбекқызы Қайырбаева қатысты.

«Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к. Айжан Ермекқызы Кудерина тыңдаушыларды жиналысқа қатысушы - қонақтармен таныстыра отырып, жиналыстың мақсатына тоқтала кетті. Айжан Ермекқызы Кудерина атап кеткендай, қазақ ұлт өкілдеріне арналған даярлық бөлімі бірінші рет осы оқу жылында ашылып отыр. Факультетте Қытайдан, Өзбекстаннан және Моңғол елінен келген 50 тыңдаушылар оқып жатыр. Осы 50 тыңдаушылардың ішінде ішінде 2 адамда ықтиярхаты бар. Ықтиярхаты бар тыңдаушылардың құқықтары ҚР кез келген азаматының құқығымен тең. Тек сайлауға қатысуға және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығы жоқ.

Жиналыс барысында Гүлстан Манапқызы Батталова тыңдаушыларымызға Қазақстан аумағында тіркелу, визалардың мерзімін созу, визаларды рәсімдеу және Қазақстан азаматтығы мен ықтиярхатын алу шарттарына байланысты жан-жақты ақпарат берді. Даярлық бөлімінің тыңдаушылары құжаттарды рәсімдеу мерзімінің сақтау маңыздылығын және виза істеу мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындарын білді. Тыңдаушылар тақырып аясында Қазақстан аймағына тіркелуді, қысқы демалыс уақытында Қазақстаннан тыс шығудың шарттары бойынша сұрақтарына толық жауап алды. Сонымен қатар, тыңдаушыларды ықтиярхаты мен азаматтықты алу шарттары қызықтырды.

Қазақ ұлт өкілдеріне арналған даярлық бөлімінің тыңдаушылары 2015- жылдың жазында тапсыратын оқу тәртібіндегі кешенді тестілеуге дайындық жүргізумен ғана шектелмей, ағылшын тілі және орыс тілдерін оқып жатыр. Сонымен қатар, тыңдаушылар университеттің қоғамдық өміріне де белсене қатысуда. Тыңдаушылар қараша айында өткен халықаралық студенттер күнінен арналған «Студенттік өмір» атты жұптар сайысына және жатақхана студенттер бірлестігінің ұйымдастырған «Таланттар сайысы-2014» сайысына қатысты. «Foundation» факультеті даярлық тобының 32 тыңдаушысы ПМУ спорт секцияларына қатысады (баскетбол, бокс, шаңғы, жеңіл атлетика).