С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина Қазақ қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде «Даңқты түлек» марапатымен және Қаз МҚУ-дың айтулы «Құрмет» медалімен марапатталды.

Шараға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қатысты.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 70 жылдық мерейтойын тойлау аясында оқу орданың түлектері мен Түркия, Малта, Қытай, АҚШ елдерінің ғалымдарының қатысуымен оқу кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысы барысында кәсіби салада нәтижелі де жемісті еңбек етіп келе жатқан университет түлектерін марапаттады. Марапат иелерінің қатарында С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымы, ф.ғ.к., профессор қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі Айман Зейнулина да болды. Мұнымен қоса, түлектер филология факультетінің студенттеріне әлемдік және қазақстандық филология ғылымы дамуының заманауи жағдайы тақырыбында дәріс оқыды.