С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Жаһандық климаттың өзгеру мәселелері: үрдістер мен зардаптарға заманауи көзқарас» тақырыбында бейне дәріс өтті.

Жобаның үйлестірушісі г.ғ.к., БҰҰ/ЖЭҚ энергоүнемдеу бойынша сарапшысы Александр Белый.

Бүгінгі күні климаттың өзгеруі өте өзекті мәселелер қатарында. Бұл мәселені дәріскер экономика, экология, әлеуметтік сала және саясат аспектілері бойынша қарастырды.

Тұсаукесерлік баяндама климаттың өзгеру жөніндегі Үкіметаралық сарапшылар тобының, Климаттың өзгеруі туралы БҰҰ Рамолық Конвенциясының ұлттық баяндамасы және Қазгидрометтің заманауи мәліметтеріне сүйеніп жасалған. Дәрісте ғалым бақылаудағы климаттың өзгеруінің салдарын анықтады. 1941-2011 жылдар аралығы бойынша Қазақстандағы ауа райының уақытша өзгеруін бағалап, 2016-2045, 2036-2065, 2071-2099 жылдар аралығындағы климаттық өзгерудің болжамдарын жасады.

Сондай-ақ, тұрғын үйлердегі «жасыл экономика» бағыты бойынша тәжірибелі жобалар бойынша дәйекті деректер ұсынды. Дәріскердің айтуынша, аталмыш жоба жұмыстарының нәтижесі жылу энергиясын тиімді үнемдеуге болатынын көрсеткен. Бүгінгі негізгі міндет тұрғын үй-коммуналдық сектордың инвестициялық тиімділігін қамтамасыз ету, сондықтан да қазір энергия тиімділігін арттыруды қажет ететін инвестициялық тетіктерді зерделеу қажеттігін атап өтті Александр Белый.

Дәріске С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттері, магистранттары және География және туризм кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Дәріс соңында Александр Белый: «Ұлттық даму мүмкіншіліктерімізге сай келетін, алдын алу мақсатына бағытталған іс-шараларды белсенді атқаруға бүгінде біздің біліміміз жеткілікті. Алайда, ел дамуының әлеуметтік-экономикалық мақсаттарының алдында адам қалдықтарын азайтуды басты міндет етуге бағытталған білім бізде әлі жеткіліксіз», - деп сөзін түйіндеді.