Білім беру саласындағы ынтымақтастық жобаларының бірі – С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті (ПМУ) мен Томск ұлттық мемлекеттік зерттеу университетінің (ТҰМЗУ) «Физика» бағыты бойынша бірлескен екідипломдық магистрлік бағдарламасы («Ақпараттық процестер және жүйелер» оқу бағдарламасы) жүзеге асырылуда.

С. Торайғыров атындағы ПМУ мен ТҰМЗУ бірлескен екідипломдық бағдарламасы екі университеттің 2013-2014 оқу жылының ынтымақтастық келісімі мен меморандумы аясында іске асып келеді. Айтулы бағдарлама бойынша 2 курста 6М060400 «Физика» мамандығының 3 магистранты білім алуда.

2014 жылдың 25-26 тамыз күндері Томск ұлттық мемлекеттік зерттеу университетінің жүйелік қызмет проректоры, ф.-м.ғ.д., профессор В.П. Демкиннің басшылығымен аталмыш жоғары оқу орнының өкілдері С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне қонақ болды.

Сапардың мақсаты – «Физика» бағыты бойынша бірлескен екідипломдық магистрлік бағдарламаны әрі қарай дамыту («Ақпараттық процестер және жүйелер» оқу бағдарламасы) және 2015-2017 ж.ж. арналған ҚР БҒМ ғылым комитетінің гранттық қаржыландыру жобасын бірлесіп дайындау.

Ресейлік делегацияның іс сапары барысында бірлескен екідипломдық бағдарламасы бойынша магистратураға түсетін 1 курс талапкерлерімен сұхбаттасу өтті. Сонымен қатар, Томск Ұлттық мемлекеттік зерттеу университетінде білім алатын 2-ші курс магистранттарының оқу жоспары және жол сапары жайлы сауалдар талқыланып, келісілді.

Толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады.