С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ҚР Конституциясы күніне орай өткен Ғылыми кеңесте ел ғылымына және университет дамуына табысты еңбек етіп жүрген профессорлық-оқытушылар құрамы мен ЖОО қызметкерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Шараның ашу барысында С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, э.ғ.д., профессор Серік Өмірбаев әріптестерін Қазақстан Республикасы Конститутциясы күнімен құттықтап, еліміздің Басты Заңнамасы – қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі, барлық жетістіктерінің іргетасы екенін баса қадап айтты. «Бүгінде біздің басты мақсатымыз – қазақстандық көпұлтты халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайту, халықтың азаматтық жауапкершілігін, дәулеттілігін арттыру, қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату», - деді өз сөзінде Серік Мәуленұлы.

Салтанатты рәсімде Серік Өмірбаев С.Торайғыров атындағы ПМУ профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерін ел ғылымы мен университет дамуына адал қызмет еткені үшін алғыс білдіріп, марапаттады. «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен т.ғ.д., «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының профессоры Марк Клецель, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен б.ғ.д., «Биология және экология» кафедрасының профессоры Ұлықпан Қаман және т.ғ.к., «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының профессоры Иван Шумейко, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен т.ғ.к., «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының профессоры Райса Мұстафина, т.ғ.к., «Электротехника және автоматтандыру» кафедрасының профессоры Амангелді Тастенов марапатталды. Сондай-ақ, Экономика және қаржы департаментінің басшысы Татьяна Кофтанюк, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Ақмарал Қайрбаева, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы Галина Бойко, Тәрбие және әлеуметтік сауалдар департаментінің басшысы Қайырбай Ашенов, Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Нұрлыбек Испулов, «Foundation» факультетінің деканы, п.ғ.к. Айжан Кудерина, Тіркеу кеңсесінің басшысы, т.ғ.к. Петр Быков, т.ғ.к., «Көліктік техника және логистика» кафедрасының профессоры Владимир Василевский, т.ғ.к., «Машинажасау және стандарттау» кафедрасының профессоры Рамазан Олжабаев, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Нина Роева, Канцелярияның біліктілігі жоғары деңгейлі жоғары санаттағы маман Рамие Хасенова, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының лаборанты Роза Абикенова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарына ие болды.