С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде 2014 жылдың 20 тамызда «Тәуелсіз Қазақстанның төл этнос дәрежесінің әлеуметтік-саяси контекст посткеңестік кеңістігіндегі этносаяси мәселелер» атты ашық талқылау өтті.

Ашық талқылауға С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Т.С. Садықов атындағы саяси зерттеулер аймақтық орталығы мұрындық болды.

Ашық әңгімеге этносаясат саласының сарапшылары, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен өкілдері, С.Торайғыров атындағы ПМУ Т.С.Садықов атындағы саяси зерттеулер аймақтық орталғының қызметкерлері, С.Торайғыров атындағы ПМУ Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының оқытушылары, С.Торайғыров атындағы ПМУ Этносаралық және конфессияаралық үрдістерді зерттеудің аймақтық ғылымыи-тәжірибелік орталғының қызметкерлері қатысты.

Айтулы шараның модераторы, С.Торайғыров атындағы ПМУ Даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Арман Ақышев Айтмұхаметұлы өз сөзінде: «Экономикасы дамыған, саяи тұрақты, қуатты Қазақстанның іргесін бірлігі мығым, ынтымағы жарасқан ұлттар достығы қалайтыны даусыз. Бірлік пен татулықты, келісім мен достықты тірек еткен мемлекеттің болашағы жарқын», - деп сөзін түйіндеді.

Ашық әңгіме барысында Т.С. Садықов атындағы саяси зерттеулер аймақтық орталығының жетекшісі, т.ғ.к., С.Торайғыров атындағы ПМУ доценті Нұркен Күзембаевтың «Тәуелсіз Қазақстанның төл этнос дәрежесінің әлеуметтік-саяси контекст посткеңестік кеңістігіндегі этносаяси мәселелер», Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, э.ғ.к. Сейсенбай Жетпісбаевтың «Қазақстанның Республикасы ұлттық саясатын жүзеге асыруда этномәдени бірлестіктерінің рөлі», философ.ғ.д., профессор Г.Н. Білялованың «ҚР этносралық қарым-қатынастың концептуалды негізі: әдіснамалық көрінісі», т.ғ.к., Еуразиялық Инновациялық университетінің профессоры М.А. Сүлейменовтың «ҚР жаңа ұлттық саясаттының қажеттілігі турасында», з.ғ.к., Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Экономика, құқық және философия кафедрасының доценті Н.В. Жамулдиновтың «Қазақстан Республикасы Конституциясы - этносарлық келісім және этносаяси тұрақтылық негізі», с.ғ.к., доцент, С.Торайғыров атындағы ПМУ Әлеуметтану және саясаттану кафедрасының меңгерушісі Илдар Қалиевтың «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұлттық саясаты Концепциясының әлеуметтік бағасы», с.ғ.к., доцент Ғани Елмұратовтың «Мемлкеттік ұлттық саясаттың тұжырымдамасын іске асыру мәнмәтінініде қазақстандық әлеуметтің тұрақты дамуы» баяндамалары оқылды.