С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті жанындағы Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығы Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп кәсіпорын басшылығының және кәсіпкерлердің қатысуымен «Инновациялар. Технологиялар трансфері. Жобаны коммерциялау. Тапсырыс бойынша жасалған өнертабыс» атты семинар өткізді.

Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты – ғалымдарды, бизнес қауымдастығын бір ортаға біріктіру. Семинардың өткізілген орны – Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы.

Семинарды ашқан С. Торайғыров атындағы ПМУ Технологиялық трансферті және инновациялар Аймақтық орталығының директоры Сергей Смаилов ғалым мен өндірістің біріктіруінің маңыздылығы жөнінде ерекше көңіл аудара айтты. «Павлодар мемлекеттік университеті аймақтық кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етеді. Ал, кәсіпкерлер біздің ғалымдар үшін зерттемелік базасын ұсынуда. Бұл қоғамдық әл-ауқатын арттыратын екі жақты үрдіс», – деді Сергей Темірболатұлы.

Сонымен қатар, семинар барысында Қазақстанның инновациялық белсенділігі және экономикалық дамуын жетілдіру мақсатымен ұйымдастырылған инновацияларды қаржылық қолдау тетігі қарастырылған.